Талдықорған: +11°C
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды

Бүгін, 11:24
КҮНДЕРЕК
Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды
WhatsAppTelegramFacebook

Дана қазақ «Әкім бол, халқыңа жақын» бол дегенді бекер айтпаса керек. Шынында әкімдерге бұқараға жақындық керек. Олардың алдында Мемлекет басшысының «Халыққа бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын оң өзгеріс керек» деген міндеті тұр. Бұқара берген уәдеде тұрмаған атқамінер халықтан қашық жүреді һәм оң өзгеріс әкеле алмайды. Ел ішіндегі мәселелерді шешуде сөзбұйдалыққа салып, сан сылтау қуалау да әкімге жат. Кей мемлекеттік қызметші тиімді жұмыс істеудің орнына тіксініп, мінез танытатын көрінеді. Бәлки, кей атқа қонғандар биліктің бастауы халық екенін ұмыт қалдырғандай. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуінде жергілікті билік өкілдеріне қаратып айтқан сөзі осындай ойға жетеледі. Аймақ басшысы аудан әкімі Жанат Жүнісбековке ауқымды тапсырма жүктеп, әкімнен бұрын бұқараға жақын болуды міндеттеді. Жұмысты жай атқарғаннан гөрі жүйелі жоспармен қарекет етуді тапсырды.

Агроөнеркәсіп етжеңді

Күреңбелдегі кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңір дамуындағы нақты жетістіктерді және алға қойылған жоспар жайын баяндады. Өткен 9 айда облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105 пайызға жеткен. Өрісті кеңейтіп отырған саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Биыл облыста агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 69 млрд. теңге бөлінген. Осындай қолдаудың нәтижесінде түгін тартса майы шығатын өңірдің диқандары егістік көлемін 514 мың гектарға ұлғайтқан. Ал бұл саладан күтілетін өнімділік те жоғары. Облыс әкімі биыл қамбаға 2,7 млн. тонна өнім құйылады деп жоспарланғанын алға тартты.

Биыл қант қызылшасы 13,5 мың гектар алқапқа егілді. Осынша алқаптан 585 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Оның 374 мың тоннасын Көксу қант зауыты, 211 мың тоннасын Ақсу қант зауыты қабылдайтын болады. Қос зауыттың өндірістік қуаттылығы 950 мың тоннаға дейін өседі. Инвестиция көлемі 54 млрд. теңгеден асады. Бүгінгі күнге екі зауытқа 154 мың тонна қант қызылшасы өткізілді. Жалпы биыл қант қызылшасы мен қант қамысынан 101 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарлануда, – деді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылығын әлеуеттендіруде ирригациялық жүйелерді жаңғыртудың маңызы зор. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға 47 млрд. теңге қаралып отыр. Осынша қаражатқа 9 жоба жүзеге асып, 3,2 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енгізіліп, 34,3 мың гектар алқап сумен толық қамтамасыз етіледі. Осындай ауқымды бастамадан Күреңбел өлкесі де қалыс қалып отырған жоқ. Биыл инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы 2,7 млрд. теңге бөлініп, конкурстық рәсімдер жүзеге асуда. Аймақ басшысы жоба 2028 жылы аяқталып, 33 шақырым канал желілері қалпына келетінін, 2,5 мың гектар жер қайта айналымға енетінін алға тартты. Саланы іргелендіруде заманауи технологияларды игерудің де маңызы зор. Қазір облыс көлемінде су үнемдеу технологиялары 45,5 мың гектарға енгізілген. Осынша егістіктің 20,4 пайызы Кербұлақ ауданының еншісінде.

Дейтұрғанмен облыс әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет екенін аудан әкімі назарда ұстауы керегін жеткізді. «Ауыл аманаты», «Кең дала-2», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары өзегінде ауыл тұрғындары кооператив құрып, өндіріс орнын ашу керегін тілге тиек етті.

Ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуымыз керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің еңбегі бағалануы тиіс. Шаруаларға қолдау көрсетіп, олардың табысын арттыру қажет. Елді мекендердегі көптеген шаруа қожалығының нақты жағдайын, олардың қандай қиындықтарға тап болып отырғанын да ескеруіміз керек. Олардың қолында бар төрт түлікті санап қойып отыруға болмайды. Әлем елдері ауыл шаруашылығы өндірісіне үлкен мән береді. Ал бізде өндірілген өнімді қайда өткіземіз? Базарға апарамыз. Бұл үлкен кемшілік. Аудан әкімдігі қайта өңдеуді өрістетіп, өнімді өткізу жолдарын кеңейтіп, шаруаларға нақты көмек көрсетуі керек, – деді облыс әкімі.

Түйіткілдердің тіні тарқады

Аймақ басшысы өңірдегі құрылыс жұмыстары да қарқынды екенін тілге тиек етті. Айтуынша, өткен 9 айда саладағы қаражат көлемі 193 млрд. теңгеге жеткен, мұнда Кербұлақ ауданының үлесі 7,5 пайыз екен. Ауқымды құрылыстың негізінде биыл өңірде 4600 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал Күреңбел өлкесінде облыс үшін түйткілге айналған апатты үйлердің мәселесі де шешімін табуда.

Жалпы, Кербұлақ ауданында 3 ауқымды мәселе бар еді. Бірі – Сарыөзек ауылының ауызсуы, екіншісі – апатты үйлер, келесісі – Сарыөзектегі айналма жол. Тиісінше, мәселелер шешімін табуда. Апта басында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін апаттық тұрғын үй иелеріне берілетін тағы бір 60 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталады. Осылайша аудан орталығындағы апатты үйлердің мәселесін шешеміз. Ал Сарыөзектегі ауызсу мен айналма жолдың жайын аудан тұрғындары жақсы біледі. Қазір тұрғындар суды үздіксіз пайдалануда. Дейтұрғанмен Жанат Төлегенұлы, ауданның әрбір тұрғыны таза ауыз- суға қол жеткізуі тиіс. Келесі жылдың бюджетіне Қоғалы ауылының ауызсу құбырын жаңғыртуға өтінім беріңіздер, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Мұнан соң облыс әкімі өңірдегі газдандыру жұмысына тоқталып, Күреңбел өлкесіндегі кемшіліктерді де сөз етті. Айтуынша, аудандағы 63 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады. Осы ауылдарға желі тартылған. Өкініштісі сол, қомақты қаржы жұмсалып, желі тартылғанымен тұрғындардың газға қосылуы өте төмен. Бейбіт Исабаев аудан әкімінің бұл бағытта жұмысына көңілі толмайтынын да жеткізді. Айтуынша, атқарылуы тиіс жұмыстың орнына сылтау іздеу, сөзбұйдаға салудың қажеті жоқ. Сонымен қатар жуырда ғана ашылған аудандық кітапхананы көгілдір отынға жедел қосуды да міндеттеді.

Аудан әкімі тұрғындардың желіге қосылуына ықпал етуі тиіс. Аңғарғанымыз, бұқара арасында түсіндірме жұмысы кемшін. Аудандық әкімдікке тұрғын үйлерді табиғи газға қосу үшін тиісті техникалық құжаттарды рәсімдеп, газға қосу мәселесін, сонымен қатар әлеуметтік нысандарға газ беру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша өңірлік газдандыру схемасына кірмеген 6 елді мекенге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында тиісті ұсыныс республикалық бюджетке жолданды. Нәтижесінде 2028 жылы ауданның 32 елді мекені табиғи газға қол жеткізетін болады. Айта кететін жайт, болашақта облыста газға деген тапшылықты болдырмау мақсатында Алматы облысының Қазбек бекетінен Сарыөзекке дейін магистральді газ құбырының екінші желісін салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Облыс әкімінің сын садағына ауданның туризм жайы да ілікті. Экономиканың тағы бір тірегі – туризм төңірегінде облыс бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған Бейбіт Исабаев «Алтынемел» визит орталығының қазіргі күйіне алаңдаушылығын білдірді. Туризм орталығының қазір күйі қашқан. Барар жолдың да жайы шымбайға батады. Тіпті орталық салынғалы белгі-тақтайшалар жаңармаған, әрленбеген. «Алтынемел» табиғи паркі басшылығына осы кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырған аймақ басшысы аудан әкіміне де біршама міндеттемелер жүктеді.

Табиғаты тамаша Кербұлақ ауданында туризм саласын дамытуды қолға алу қажет. Әсіресе жеке инвесторларды тарту арқылы таулы және экологиялық туризм бағыттарын жандандыру және аудан экономикасын көтеруге толық мүмкіндіктер бар. Мысалы, Онжас ауылы маңындағы тау жоталары қысқы туризмді дамыту және шаңғы базасын құру үшін әлеуеті жоғары аумақ, – деді облыс әкімі.

Атқарылған іс көп, нәтиже қандай?

Аймақ басшысынан кейін сөз тізгінін тартқан аудан әкімі Жанат Жүнісбеков 2026 жылдың өткен тоғыз айындағы Күреңбел өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы турасында баяндады. Айтуынша, ауыл шаруашылығының өнім көлемі 35 млрд. теңгеден асып жығылған. Өнеркәсіп те өрісті. Биыл бұл сала 44 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы көрсеткіштен 0,7 пайызға артық өнімділік көрсеткен. Жанат Төлегенұлының сөзіне сенсек, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік әлеуетті. Бұл санаттағы кәсіпкерлік нысандар өткен жылмен салыстырғанда 163,8 пайызға артық өнім беріп, табыс көлемі 9,5 млрд. теңгеге жеткен. Айта кететін жайт, Күреңбелде жұмыссыздықпен күресте де шағын және орта кәсіпкерлік белсенділік танытып отыр. Аудан тынысын ашып отырған инвестиция. Биыл ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылыпты. Ал былтыр бұл көрсеткіш 31 млрд. теңгенің шамасында болған.

Аудан әкімі ауыл шаруашылығын одан әрі әлеуетті етуді көздеп отырғанын жасырмады. Айтуынша, жыл соңына дейін салада өндірілетін өнім көлемін 62 млрд. теңгеге жету межесі тұр. Оған да толық мүмкіндік бар. Мәселен, биыл Күреңбел диқандары 114,1 гектар алқапқа дән сепкен. Оның 95 мың гектарға жуығын дәнді дақыл, 7,4 гектарына майлы дақыл, 140 гектарға қант қызылшасы отырғызылған. Әкімнің айтуынша, саланың дамуы жаңа технологияларды еңсермей жүзеге аспайды екен. Биыл ауданда су үнемдеу технологиялары 3 мың гектарға жуық алқапта қолданылыпты. Қаржылық қолдау да саланы іргелендіруде. Мәселен, аудан шаруалары «Кең дала-2», «Агробизнес» бағдарламалары аясында 2,2 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау алған. Мұнан өзге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 18 жоба өтінім беріліп, 4 кооператив құрылған. Осынша жобаға ілкімді бағдарламадан 360 млн. теңгеге жуық несие берілген.

Жанат Жүнісбековтің айтуынша, аудан атакәсіпте де жемісті еңбек етуде. Қазір Күреңбелде 53,6 мың бас ірі қара, 295,6 мың бас қой-ешкі, 30,6 мың бас жылқы тіркелген. Төрт түліктің саулығын қалыптастыруда да тұшымды тірлік бар. Қазір аудан көлемінде 15 ауылдық округте ветеринариялық пункт салынған. Ал биыл 2 ауылға мал дәрілеу орталығы орнатылыпты.

Ауданда әлеуметтік сала бойынша ауыз толтырып айтар тірлік бар. Әкім апатты жағдайдағы тұрғын үйлердегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Сарыөзек ауылында 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілгенін алға тартып, аудандағы ауқымды мәселенің де іргесі сөгіліп жатқанын жеткізді. Күреңбелдегі тіні тарқаған мәселенің бірі – ауызсу мәселесі.

Ауданда барлығы 63 елді мекеннің 59 елді мекені орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған. Сарыөзек ауылының ауызсу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында толық аяқталды. Былтыр басталған Ақбастау мен Тасты-өзек ауылдарындағы ауызсу жүйелерін орталықтандыру жұмыстары тамыз айында толық аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ биыл 3 ауылдың ауызсу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Жанат Төлегенұлы.

Кербұлақ ауданының білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл 4 мектептің жылыту жүйесіне, 2 мектептің спорт залына, 1 мектептің асханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 6 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер сатып алынған. Бастысы, ауыл тұрғындарының сұрауымен Көксай елді мекенінде заманауи мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 3 жылда Күреңбел өлкесінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік -акушерлік пункт салынған. 2024-2025 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Шанханай және Талдыбұлақ ауылдарында және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Көксу ауылында дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілген. Мұнымен қатар жуырда қайта жаңғыртудан кейін аудандық аурухана ел игілігіне ұсынылды.

Жиын барысында аймақ басшысы Бейбіт Исабаев аудан әкімінің баяндамасына көңілі толмайтынын жеткізді. Алға қойылған жоспардың жоғын, сыпырма сөздің басымдығын айтып, бұқарамен жұмыс істеудің маңызына тоқталды. Сылтаудың жұмысқа кері әсері барын, уәденің маңызын түйсіндірді. Бір анығы облыс әкімі Жанат Жүнісбековке «әкім болудың» қандай болмағын түсіндіргендей.

Бұқараның қолайлы өмірі қалыптасуда

Кербұлақ ауданында қанша жылдан қордаланған мәселелер ретімен шешімін табуда. Сиырқұйымшақтыққа салынып, бұқараның шымбайына батқан түйткілдің бірі – ауызсу еді. Сарыөзек ауылында әлсін-әлсін «Дайрабайдың көк сиырындай» бой көрсететін су мәселесінің ауылы алыстаған қазір. Ауылда шелекпен, флягамен тіршілік нәрін тасымалдаған елді көрмейсің. Себебі кезінде қат болған ауызсу қазір әрбір үйде мөлдіреп ағып тұр. Аудан орталығында отыз жылдан бері тұратын Қабікен Анықбаев бұрын талай әбігерге түскенін, қазір жағдай мүлдем басқа екенін алға тартып отыр.

Ауызсу Сарыөзек тұрғындарының басты бас ауруы еді. Талай арба сүйреп, тіршілік нәрін тасып іштік. Қазіргі жайымыз бөлек. Судың ағуында шектеулі уақыт жоқ. Қажетінше пайдалануға болады. Үздіксіз берілгені есебінен үйге қажетті жабдықтар орнаттық. Автоматты кір машинасын алдық. Үйге душ орнаттық. Әрбір адам өзі өмір сүретін ортасында қолайлы тіршілік еткісі келеді. Біз оған қол жеткіздік, – дейді ауыл тұрғыны.

Сарыөзектің тағы бір тұрғыны Шолпан Өкенолова жаңа мөлтек ауданнан үй салып, қоныс тепкеніне 6 жылға жуықтапты. Бірақ ауызсуға қолжетімділік орнағалы 2-ақ жыл болған. Басында бұл шаңырақ та суды тасып тұтынған. Қазір жағдай жақсы, тұрмыс қолайлы.

Несін жасырайық, ширек ғасырға жуық ауыз- судың зардабын шектік. Қазір суымыз сарылдап ағып тұр. Жалпы, жайлы өмір сүруімізге бар жағдай жасалуда. Бұрынғыдай шелектеп көмір жағып, әлсін-әлсін күл шығару өткеннің еншісінде қалды. Газ келіп, көңіл жаз болуда. Осындай қолайлылық қалыптастырған ел ағаларына алғаусыз алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Шолпан Өкенолова.

Жалпы, Сарыөзек ауылын таза ауызсумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары 2024-2026 жылдарға жоспарланған. Ол үшін бюджет қоржынынан 5,1 млрд. теңге қарастырылды. Жобаны «Сапа құрылыс – 2007» серіктестігі жүргізіп, су желісінің 110 шақырым құбыры ауыстырылды. Сонымен қатар 2 дана 300 текше метрлік, 1 дана 100 текше метрлік су қоймалардың, 2 дана 1-ші су сорғы стансысы, 1 дана 2-ші су сорғы стансысының құрылысы және 2 дана бақылау өткізу пунктінің құрылысы жүргізілген.

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуда жол сапасының маңызы зор. Бүгінде аудан көлеміндегі 870,2 шақырым жолды күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асхат Сейдахметовтың айтуынша, биыл Қарымсақ және Ақтөбе ауылдарының ішкі көшелерін орташа жөндеу, Сарыөзек ауылының ішкі көшелерін маршруттық тәсілмен жөндеу көзделіпті. Бүгінде Ақтөбе ауылындағы 2 шақырымға жуық 3 көшенің жөндеу жұмыстарына бюджеттен 65 млн. теңгеге жуық қаражат қаралып, жаңғырту жұмыстарын мердігер «Саттарова» серіктестігі толық аяқтаған. Ал Қарымсақ ауылындағы 4,5 шақырымдық 4 көшені жаңғырту жұмыстарын «SilkWayGrande» серіктестігі жүзеге асыруда. Құны 179,2 млн. теңгеге жуық қаражатқа баланған көше жөндеу жұмыстары қазір 95 пайызға аяқталып отыр. Қарымсақ елді мекенінің аналар кеңесі төрайымы Ләззат Нұржігітова «жол қадірін жүрген білер» дегендей, көшелердің хәлі мүшкіл болғанын алға тартады. Топырағы саздау келетін ауыл жолдары түнгі уақытта жүруге қолайсыз болыпты.

Ауылымыздың бұрынғы кейпі мен қазіргі қалпын салыстыруға келмейді. Биыл ауыл көшелері асфальттанды. Көше жарығы орнатылды. Газ желісі тартылды. Қазір ауылдағы өмір қаладағыдан кем қалып жатқан жоқ, – дейді ауыл тұрғыны.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асхат Сейдахметовтың сөзіне сенсек, Сарыөзектегі жол жөндеу жұмыстары 70 пайызға орындалған. Мердігер «BIIK AD» ЖШС өкілдері де жаңғырту жұмыстарын мерзімінде аяқтайтынын жеткізді.

Жол қатынасына қатысты Байғазы ауылы тұрғындарының көптен бері шымбайына батқан мәселенің де түйіні тарқапты. «Байғазы» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Тұяқбаевтың айтуынша, тұрғындар елді мекенге кіреберіс жолдағы көпірдің іргесі сөгіліп тұрғанын базыналап жүргеніне 3 жылдан асыпты. «Сабақты ине сәтімен» деген, биыл көпірді жөндеуге бюджет қоржынынан 67,3 млн теңге қаралып, толық жөндеуден өткен.

Былтырлары бұл көпірмен бір көліктің өтуі мұңға айналған еді. Мердігер «SilkWayGrande» ЖШС жаңғырту жұмысын сапалы орындап, көліктер алаңсыз қатынайтын жағдайға қол жеткіздік. Бұл көпір көктемде ғана табанына су келетін өзенге орнатылған, – дейді ауыл тұрғыны.

Ал Малайсары ауылындағы 4 көпқабатты үйдің «Жамалды қартайтқан Алтай жыры» да тамамдалуда. Бұған дейін тұрғындарды ауызсуы әбден сарсаңға салған еді. Онысы шешімін тапты. Бірер жылдан бері осы үйдің тұрғындары кәріз желісінің істен шыққанын айтып, әкімдіктің табалдырығын әбден тоздырған-ды. Биыл сол мәселе шешімін тапты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Мөстекбаеваның айтуынша, тұрғындар шағымына сәйкес бюджеттен 57,5 теңгеге жуық қаржы қаралып, «Алдияр» ЖШС кәріз желісіне жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Қазір жөндеу жұмыстары 95 пайызға орындалған. Ауыл тұрғыны Марат Ысқақов жаңғырту жұмыстары аяқталған соң еш қиындықсыз тұрмыс кешетінін жеткізді.

Кәріз желісі әбден ескіргенін біршама уақыттан бері айтып келеміз. Биыл мәселеміз шешімін табуда. Аудан әкімдігіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді көпқабатты үйдің тұрғыны.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік

Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік

Бүгін, 11:29
Жаңа баспанаға қол жеткізді

Жаңа баспанаға қол жеткізді

Бүгін, 11:26
Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды

Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды

Бүгін, 11:24
Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді

Бүгін, 10:37

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.