Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәңгілік елдің мұрасы

Бүгін, 10:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мәңгілік елдің мұрасы
WhatsAppTelegramFacebook

Тарих таразысына салғанда 35 жыл – қас қағым сәт. Ал ұлт тағдыры мен мемлекеттілік өлшемімен қарағанда, тұтас бір дәуірдің тынысын танытатын, сан ғасырлық арманның ақиқатқа айналғанын айғақтайтын кезең. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналып, мемлекеттілігін нығайтты, ұлттық болмысын жаңғыртып, болашаққа бағдарланған даму жолын қалыптастырды.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында ел тарихындағы тағдырлы белестерге қайта үңілудің мәні зор. Тәуелсіздік – ата-баба аманаты мен бүгінгі қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы ұлы мұратқа бастар жолдағы тарихи белестердің бірі – 25 қазан, Республика күні.

1990 жылғы 25 қазанда Алматы қаласында «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат халқымыздың өз тағдырын өзі айқындауға деген тарихи ұмтылысын саяси-құқықтық тұрғыдан бекітіп, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң осы тарихи үдерістің заңды жалғасына айналды. Бұл екі датаның маңызын бір-біріне қарсы қоймай, қайта бірін-бірі толықтыратын мемлекеттілік белестері ретінде қарастырған жөн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қайта белгіленуі тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды шешім болды. Бұл қадам ел тарихына деген құрметті арттырып, мемлекеттіліктің бастауларын тереңірек түсінуге жол ашты. Мерекенің негізгі мазмұны – азаматтардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін, заңға құрметін және қоғамдық келісімге адалдығын нығайту.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыстар мен әлеуметтік қиындықтарды халқымыз бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еңсерді. Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды. Бұл кезең мемлекеттілікті нығайту саяси ерік-жігерді, орнықты институттарды және азаматтардың белсенді еңбегін талап ететінін көрсетті.

Бүгінгі таңда қоғамның сұранысы сапалы білім мен медицинаға, әділетті әлеуметтік саясатқа және мемлекеттік басқарудың тиімділігіне бағытталған. Әділетті Қазақстан құру идеясының мәні де осында. Әділеттілік заң үстемдігін қамтамасыз етуден, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудан және адал еңбекті бағалаудан басталады.

Құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі – қоғам сұранысын заңнамалық бастамалармен ұштастыру. Қабылданған әрбір заңның түпкі нәтижесі азаматтардың күнделікті өмірінен, отбасылардың әл-ауқатынан және өңірлердің дамуынан көрінуі тиіс.

Президентіміз атап көрсетіп жүрген ұлттық бірегейлік ұғымының негізінде еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігі жатыр. Тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі – халқымыздың тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық болмысын дамытуға мүмкіндік алуы. Қазақ хандығынан бастап Алаш қозғалысына дейінгі бай тарихымыз ұлттық санамыздың және рухани сабақтастығымыздың негізін құрайды.

Бүгінгі ұрпақтың міндеті осы тарихи мұраны дәріптеп қана қоймай, одан тағылым алу. Ұлттық бірегейлік мәдени мұраны сақтаумен қатар, заманауи білім мен озық технологияларды меңгеруден де көрінеді. Жаһандану дәуірінде отаншылдықтың шынайы көрінісі сапалы білім алу, адал еңбек ету, заңды сақтау және ортақ игілікке қызмет ету арқылы айқындалады.

Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін билік пен қоғам арасындағы сенімнің маңызы зор. Еліміздегі бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай заң шығару үдерісін жетілдіруге, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға және азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған маңызды институт.

Құрылтайдың міндеттерінің бірі – елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты өзекті мәселелерді заңнамалық тұрғыдан қарастыру, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және қоғам сұранысына жауап беретін құқықтық шешімдер қабылдау. Бұл ретте ұлттық құндылықтарды сақтау, рухани даму, жастар тәрбиесі мен отбасы институтын нығайту мәселелері де маңызды орын алады.

Билік пен қоғам арасындағы сенім нақты істер мен нәтижелер арқылы нығаяды. Сондықтан Құрылтай қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қоғамда көтерілген өзекті мәселелерді заңнамалық бастамалармен байланыстырып, олардың тиімді шешілуіне және елдің орнықты дамуына үлес қосу.

Қазіргі геосаяси өзгерістер мен экономикалық тұрақсыздық жағдайында ұлттық мүддені қорғау, мемлекеттік институттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ішкі бірлікті сақтау бұрынғыдан да маңызды. Егемендікті қорғау мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың да қасиетті борышы.

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – жүріп өткен жолымызға баға беріп, алдағы онжылдықтардың міндеттерін айқындайтын маңызды белес. Біздің ортақ мақсатымыз – келер ұрпаққа қуатты экономикасы, әділетті қоғамы және берік мемлекеттік институттары бар ел қалдыру. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын! Мәңгілік Елдің Көк байрағы азат аспанымызда желбірей берсін!

Жанарбек ӘШІМЖАН,

Қатысты жаңалықтар

Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30
Мәңгілік елдің мұрасы

Мәңгілік елдің мұрасы

Бүгін, 10:30
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Отаным – ұжданым

Бүгін, 09:30
Елдіктің жаңа кезеңі

Еліміздің басты мерекесі – Республика күні құтты болсын!

Бүгін, 08:44
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы тарихи бітімді қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Бүгін, 08:41

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.