Талдықорған: +9°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026
КҮНДЕРЕК
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын қалыптастыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды өңдеу мен сұрыптау сапасын арттыру мақсатында 34 арнайы жобаны қаржыландырды. Бул мақсатқа кәдеге жарату төлемдері есебінен 122,6 млрд теңге бөлді. Ауқымды бастама жаңа өндіріс орындарын салуды, заманауи сұрыптау кешендерін құруды және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға арналған арнайы техникаларды сатып алуды көздейді. Бұл жүйелі қадам елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға оң ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Инвестициялық штаб қаржыландыру көлемі 440 млрд теңге болатын 67 жобаны мақұлдаған. Оның ішінде қаржыландырылған 34 жобаның 6-уы жылына 650 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау нысандарын құруға бағытталған. Тағы 18 жоба жылына 435 мың тонна қалдықты қайта өңдеу қуаттарын дамытуды қарастырса, 10 жоба аясында 177 бірлік арнайы техника сатып алу жоспарланған.

Бүгінгі таңда 15 жоба толықтай пайдалануға берілді. Нәтижесінде 131 бірлік арнайы техника сатып алынып, жылдық қуаты 290 мың тоннаны құрайтын сұрыптау желілері іске қосылды. Сондай-ақ жылына 19,3 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа өндіріс орындары жұмысын бастады. Инвестицияның ең басым бөлігі Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарына бағытталған. Жобалар Атырау, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында қарқынды жүргізілуде.

Бұл жобалар макулатураны, ПЭТ-бөтелкелерді, автокөлік шиналарын кайта өңдеу сияқты саланың басты бағыттарын қамтиды. Заманауи өндіріс орындарын іске қосу Жетісу өңірі сияқты эко-бағыты жоғары аймақтар үшін де маңызды. Қалдықтарды көму көлемін азайтып, оларды қайталама шикізат ретінде экономикалық айналымға тарту өңірдегі табиғи ресурстарды сақтауға, су мен топырақ тазалығын қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді. Отандық кәсіпорындарды жаңғырту арқылы жасыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету – уақыт талабы.

Қатысты жаңалықтар

Алакөлге құлаған болуы мүмкін гидроұшақтың сынықтары аукционға шығарылды

Алакөлге құлаған болуы мүмкін гидроұшақтың сынықтары аукционға шығарылды

Бүгін, 09:28
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.