Талдықорған: +10°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50
ЖАҢАЛЫҚТАР
Желегі жасыл Жаркент
WhatsAppTelegramFacebook

«Jetіsý» газетінің қызметкерлері баспасөз науқанына орай аудан, қалалардың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындардың талап-арызына құлақ түруде. Бұл жолғы сапарымыз Жетісудың жерұйығы саналатын жазиралы Жаркент өңірінде жалғасты.

Жетісуда кәсібі дөңгелеген, өнімі өтімді, жергілікті халықты жұмыспен қамтуда ілгері тұрған кәсіп-орынның бірі – Панфилов ауданындағы «Көктал Агро» ЖШС.
Сүтті мал шаруашылығы және жүгері өңдеумен айналысатын кәсіпорын 2004 жылы құрылған. Алғашында 55 адам жұмыс істеген аталмыш кәсіптен бүгінде 120 адам нәпақасын тауып отыр. Компанияның қажетті өндірістік-техникалық базасы, білікті инженерлік-техникалық мамандар әлеуеті, материалдық және еңбек ресурстары жеткілікті дейді кәсіпорын басшысы Қуаныш Тұрдақын.

– «Көктал Агро» – «АзияАгроФуд» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес кәсіпорны. Ауданымыздағы шаруашылықтың 1 200 гектардан астам суармалы жері бар. Мұнда симментал және швиц тұқымды 1 300 бас асыл тұқымды ірі қара өсіріледі. Сонымен қатар жүгері сақтауға арналған 7 қойма жұмыс істейді. Жиналған жүгері «АзияАгроФуд» кәсіпорнына жеткізіліп, одан түрлі өнімдер өндіріледі, – дейді кәсіп-орын басшысы.

Қуаныш Нұрбейбітұлы айтқан түрлі өнімдер қатарын крахмал, сірне, глюкоза және глюкоза-мальтоза шәрбаттары құрайды. Сонымен қатар өңдеу барысында мал азығына пайдаланылатын глютен мен басқа да жанама өнімдер алынады.

Кәсіпорындағы ірі қараның 800-і сауын сиырлар. Мал басын толықтыру және табынды жаңарту жұмыстары мал сатып алу мен қолдан ұрықтандыру арқылы жүзеге асырылады. Асыл тұқымды ірі қара Австриядан құнажын кезінде әкелінетіндіктен, жергілікті жағдайға бейімделуінде айтарлықтай қиындық туындамайды. Дегенмен, асыл тұқымды малды күтіп-баптау ерекше ұқыптылықты талап етеді дейді шаруашылық қызметкерлері.

– Мал денсаулығын сақтау және өнімділігін арттыру мақсатында ветеринариялық бақылау жүргізіліп, аурулардың алдын алуға арналған препараттар мен бұзауларға берілетін арнайы жем шетелден жеткізіледі. Ал бұқалар мен сауын мерзімі аяқталған сиырлар нарықтағы бағамен сатылымға шығарылады, – дейді шаруашылық басшысы.

Мамандардың айтуынша, әр сиырдан тәулігіне орта есеппен 25 литр сүт алынады. Жалпы алғанда шаруашылықтың күнделікті сүт өндіру көлемі шамамен 20 мың литрді құрайды. Сүттің майлылығы 4 пайыз.

Сүтті бағыттағы сиырлар бос ұстау жүйесі бойынша бағылады. Ал сауу жұмыстары заманауи қондырғы арқылы жүзеге асырылады. 36 орындықты бұл жүйенің көмегімен 800 сиырды небәрі 3 сағат ішінде толық сауып шығуға болады. Осылайша сауу процесін жүйелі ұйымдастырып, уақытты үнемдеуге және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сауылып алынған сүт шаруашылықтың негізгі серіктесі – FoodMaster компаниясына өткізіледі. Одан әрі өңдеуден өтіп, дайын өнім түрінде сауда орындарына жеткізіледі. Осылайша, асыл тұқымды малдан алынған сүт өңдеу кәсіпорны арқылы тұтынушыға жетеді.

Жалпы, «Көктал Агро» тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамытуда жер ресурсын тиімді пайдаланудың, заманауи технологияларды енгізудің және өндіріс салаларымен өзара байланысты нығайтудың озық үлгісін көрсетуде. Туған жердің әлеуетін арттыру осындай істерден басталады. Жердің құнарын кәдеге жаратып, мал шаруашылығын өркендетіп, өндірілген өнімге тұрақты сұраныс қалыптастыру – ауыл экономикасын нығайтудың өзекті жолы. Ең бастысы, бүгінгі еңбектің нәтижесі ертеңгі дамуға негіз болуы керек. Өйткені ауылдың өркендеуі – тек бір шаруашылықтың табысы емес, тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық тынысының жақсаруы.

Еңбекпен еңсе тіктеген

Панфилов ауданында мал және егін шаруашылығы ауыл экономикасының негізгі тірегіне айналған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көрсетілген мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерінің кеңеюі шаруа қожалықтарының көбеюіне жол ашты. Солардың қатарында Алтыүй ауылындағы Масимовтар әулетінің шаруашылығы бар.

Әулеттің үлкені Илхамжан Масимов Жаркент жоғары педагогикалық колледжі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған соң, 17 жыл бойы мектепте биология пәнінен сабақ берген. Табиғаттың сырын танытқан ұстаздық тәжірибесі мен отбасынан дарыған еңбекқорлық қасиеті кейін өз кәсібін өркендетуге негіз болды.

– Ауылдағы тіршілік адамнан жан-жақтылықты талап етеді. Мұнда агроном да, малшы да, құрылысшы да бола білуің керек. Заманның талабы осындай. Алғашында інім Ақрамжан екеуміз өзіміздің шағын жерімізде өсірген жүгері мен жемшөпті пайдаланып, бес-он бас ірі қараны бордақылаудан бастадық. Ісіміз алға басқан соң мал санын біртіндеп 30-40 басқа дейін жеткіздік. Қазір бордақыда тұрақты түрде 15 бұқа мен қой ұстаймыз. Өнімге сұраныс та жоғары, – дейді Илхамжан.

Бүгінде ағайынды жігіттер төрт гектар жерге «Будaн» және «Тұлпар» секілді өнімділігі жоғары жүгері сорттарын, сондай-ақ жоңышқа егеді. Маусымдық өнім көлемі 70 тонна жүгерімен шамамен 2500 тайланған шөпке жетеді. Өздеріне тиесілі мал азығының болуы шығынды азайтып, шаруашылықты тиімді жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Масимовтар санта-гертруда мен ангус тұқымды ірі қара өсіреді. Әр малдан 350 келіге дейін таза ет алуға мүмкіндік бар. Шаруашылықтағы жұмыстың берекесі малды күтіп-баптаудың жүйелі жолға қойылуына байланысты. Азықтандыру мен суарудың белгіленген тәртібін сақтаудың арқасында малды төрт-бес айда қажетті қоңдылыққа жеткізеді.

Ағайындылар мал шаруашылығымен ғана шектелмей, кәсіптің өзге де бағыттарын игеруге ден қойған. Соның бірі – балық өсіру. Илхамжанның бұл салаға деген қызығушылығы ұстаздық еткен жылдарында-ақ оянған. Бірде оқушыларын «Ирада» шаруашылығына экскурсияға апарып, кәсіпкер Суриям Изимованың еңбегімен танысады. Іскер жанның тәжірибесі оған өз бетінше балық шаруашылығын қолға алуға ой салады.

– Ауданымызда балық және қоян шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Суриям Тұрғанқызы өз шаруашылығын көрсетіп, бұл істің ынталы жастардың да қолынан келетінін дәлелдеді. Ең бастысы, еңбек етуге ниетің болуы керек. Сол кезде осы кәсіпке деген қызығушылығым оянды, – деп еске алады фермер.

Қазір олар Жіңішке Арал ауылы маңындағы көлемі 90 сотық су айдынында аквамәдениетпен айналысып, бақтақ пен сазан өсіруде. Осылайша, ағайындылар дәстүрлі шаруашылықпен қатар, болашағы бар жаңа бағытты да қатар дамытып келеді.

Масимовтар отбасының тірлігіне аға буынның үлесі зор. Анасы Әлиям ұлдарының бастамаларына қолдау көрсетіп қана қоймай, үй іргесіндегі құс шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Биылдың өзінде 70 балапан өсірген. Ал Илхамжанның білімі құстарға ветеринариялық профилактикалық шараларды уақытылы жүргізуге септігін тигізеді.

Бір отбасының ортақ еңбегіне сүйенген шаруашылықтың бүгінгі нәтижесі – табандылық пен ұқыпты есептің жемісі. Жерді күтіп, малды баптап, жаңа кәсіпке қадам басу оңай емес. Дегенмен Масимовтар әулетінің тәжірибесі ауылдағы еңбектің берекесі де, болашағы да бар екенін көрсетеді. Ең бастысы, олар үшін кәсіптің көзі тек табыс табумен шектелмейді: ол – отбасылық дәстүрді жалғап, туған жердің дамуына үлес қосудың жолы.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30
Желегі жасыл Жаркент

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50
Автонарық: Отандық өндіріс пен импорттың жаңа ережелері

Автонарық: Отандық өндіріс пен импорттың жаңа ережелері

Бүгін, 10:46
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді  

Бүгін, 10:10

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.