Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдеге қол жеткізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ерлер арасындағы жекелей сында шпагадан сынға түскен Кирилл Проходов алтын медаль иеленді. Финалдық кездесуде ол Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен жолығып, 15:12 есебімен басым түсті.
Ал саблядан өткен жарыста Қайша Жәнібек күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола медаль жеңіп алды.




