Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның астық және майлы дақылдар нарығында сауда-саттық белсенділігі артып, өнім бағасында айтарлықтай өзгерістер байқалуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ағымдағы маусымда аграрлық сектор өкілдері үшін өнімді тиімді бағада өткізу, қаржылық тәуекелдерді азайту және нарықтағы сұранысқа сәйкес әрекет ету басты міндет саналады. Сарапшылар ұсынған талдауға сәйкес, қазіргі уақытта сатып алушылар тарапынан сапалық көрсеткіштері жоғары 3-сыныпты бидайға сұраныс жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Ал 4-сыныпты бидайдың нарықтағы ұсынысы шектеулі күйінде қалуда. Астық бағасының құбылуы мен халықаралық сұраныс дихандардың сауда стратегиясын қайта қарауына түрткі болады.

Элеватордағы ағымдағы орташа бағаларға сүйенсек, желімділігі 28 пайыздық 3-сыныпты жұмсақ бидай килограмына 106 теңгені құрайды. Бұл бағытта сарапшылар сатуды уақытша тоқтатуды, маусым ішінде бағаның 145 теңгеге дейін көтерілуін күтуді ұсынады. Сондай-ақ желімділігі 25 пайызға дейінгі бидай 93 теңгеге (+1 теңге) бағаланып, максималды шегі 120 теңге деңгейінде болжануда. Ал 4 және 5-сыныпты жұмсақ бидай тиісінше 86 теңге және 70 теңге көлемінде сатылуда. Бұл дақылдарды шаруашылықтың ағымдағы қаржылық немесе техникалық қажеттілігіне қарай сату қолайлы деп табылады. Арпа бағасы 75 теңге тұрақтылықты сақтап, ең жоғарғы ықтимал межесі 95 теңгеге дейін жетеді. Қатты бидай секторында бағаның біраз арзандауы байқалады: протеині 14-тен жоғары өнім 87 теңгеге (-11 теңге), ал протеині 15-тен жоғары дақыл 99 теңгеге (-10 теңге) төмендеді.

Майлы және бұршақты дақылдар нарығында да белсенділік қалыпты ырғақпен дамуда. Зығыр бағасы 183 теңгеге (+5 теңге) көтеріліп, болашақта 230 теңгеге дейін қымбаттау ықтималдығы бар. Рапс килограмына 192 теңге, сафлор 144 теңге, соя 193 теңге болып тұрақты бағаланды. Күнбағыс бағасы 167 теңгені (+5 теңге) құрады. Сарапшылар күнбағыс пен сары бұршақты (80 теңге) созбай, бірден сатуды ұсынады, себебі бұл дақылдар бойынша жақын арада жоғары баға секірісі күтілмейді. Сонымен бірге қыша 347 теңгеге бағаланып, нарықтағы ең қымбат дақылдардың бірі болып қалуда. Жасымықтың қызыл және ірі сары түрлері 114-115 теңге айналасында саудалануда.

Аграршылар үшін брошюра авторлары берген кеңестерді үш топқа бөлуге болады: «Стоп-сауда» – бағаның ең жоғарғы шетіне жеткенше өнімді ұстай тұру; «Қажеттілігіне қарай» – ағымдағы шығындарды жабу үшін ішінара сату; «Сату» – қолайсыз конъюнктура қалыптасқандықтан тауарды тезірек өткізу.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.