Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласын кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа пайымы дайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1869 жылы Тал-Қорған қыстауының орнында қаланған Гавриловка селосы 1925 жылы Талдықорған қаласы болып өзгертілген еді. Кейіннен облыс орталығы мәртебесі бірнеше рет өзгеріп, 1997 жылы Алматы және Талдықорған облыстары біріктірілген болатын. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес Талдықорған қаласында әкімшілік орталығы орналасқан жаңа Жетісу облысы қайта құрылды. Бұл тарихи шешім өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына соны серпін беріп, инфрақұрылымды жаңғыртуға кең жол ашты.

Шаһарды дамытудың басты межесі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын көтеру және адами капиталды дамыту саналады. Инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2025-2030 жылдарға арналған арнайы жобалар пулы жасақталды. Оның аясында 200 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 4 өндірістік бастама жүзеге асырылады. Атап айтқанда, «Jetisu Agro Complex» ЖШС сервистік орталығын дамыту, «Zhiga groupe» ЖШС автоклавты газ-бетон блоктарын өндіру зауытын салу, «KazakhstanQuartz» ЖШС пішінсіз және нысанды отқа төзімді бұйымдар шығару, сондай-ақ «ME Elecmetal» ЖШС ұнтақтау ортасын, яғни болат шарларды өндіретін зауыт құрылысын жүргізу көзделген.

Тұрғын үй саясаты да қарқынды дамиды. Алдағы 5 жыл ішінде шамамен 900 мың шаршы метр баспана мен 100 шақырымнан астам инженерлік инфрақұрылым желілері тартылады. Ынтымақ ауылында 200 пәтерге арналған 5 тұрғын үй, Береке ауданында 738 пәтерлі 14 үй, Оңтүстік-Батыс ауданының 11, 12, 13 шағын аудандарында 774 пәтерлі 22 несиелік үй және Қаратал өзенінің оң жағалауында 952 пәтерлі 18 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұндай ауқымды құрылыс мыңдаған отбасының баспана мәселесін оң шешуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау сапасын арттыру мақсатында Оңтүстік-Батыс ауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын заманауи емхана, 200 төсектік онкологиялық диспансер салынбақ. Балалар ауруханасы мен облыстық аурухана қайта жаңғыртылып, медициналық жабдықтау деңгейі 2030 жылға қарай 100 пайызға жеткізіледі. Білім беру саласында Билим-инновация лицейіне 300 орынды қосымша корпус, Батыс ауданында 1200 орынды жаңа мектеп салынып, 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызды құрайды. Әлеуметтік салада Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы, Еркін ауылында 150 орынды Мәдениет үйі бой көтеретін болады.

Кешенді инфрақұрылымдық жобалар есебінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 99,9 пайызға, жақсы жағдайдағы автожолдар үлесі 94,5 пайызға, ал газдандыру көрсеткіші 100 пайызға жеткізіледі. 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары шаһар экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жаңа сатыға көтерері сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жалғасуда: Екінші жолбарыс – Амур табиғатқа жіберілді

Бүгін, 15:36
Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Қызмет бабында қаза тапқан полицейді еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 15:27
Теректі өзеніне аққу қонды

Теректі өзеніне аққу қонды

Бүгін, 14:00
Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Теміртаудағы трамвай қатынасын қалпына келтірудің маңызы зор – Тоқаев

Бүгін, 13:50
Мемлекет басшысы жаңартылған трамвай инфрақұрылымымен танысты

Мемлекет басшысы жаңартылған трамвай инфрақұрылымымен танысты

Бүгін, 13:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.