Талдықорған: +16°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
КҮНДЕРЕК
Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде су ресурстарын үнемді пайдалану, ирригация жүйелерін жаңғырту және ауыл шаруашылығын қажетті ылғалмен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялау бойынша ұзақ уақыт аяқталмай қалған жобаларды іске асыруды аяқтау алгоритмін әзірледі. Аталған құжатқа сәйкес, 2010-2020 жылдары басталған, алайда әр түрлі себептермен тоқтап қалған 10 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданып, қарқынды жалғасып жатыр. Өңірлердегі су тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге және егістік алқаптарына су жеткізуді тұрақтандыруға бағытталған бұл бастама аграрлық сектор үшін аса маңызды қадам болып саналады.

Жаңартылып жатқан маңызды нысандар қатарына Қызылорда және Түркістан облыстарындағы каналдарды реконструкциялауға қатысты 6 жоба, сондай-ақ Ақмола облысындағы Преображенский гидроторабы мен Сілеті су қоймасын, Абай облысындағы Қусақ өзеніндегі бөгет гидроторабын және Алматы облысындағы Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысын қалпына келтіру шаралары кіреді. Қазіргі уақытта Сүмбе өзеніндегі су алу нысанында және Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналында құрылыс-монтаж жұмыстары толық қайта басталды. Түркістан облысындағы К-26 және К-28 каналдары бойынша тиісті конкурс рәсімдері басталып кетті. Тағы 4 жоба «Мемсараптама» РМК-ның қарауында жатыр, ал қалған 2 жобаға өзгерістер мен түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Су шаруашылығы нысандарын дамыту саласындағы көрсеткіштер мен алдағы жоспарлар туралы Су шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбек Серіков нақтылап өтті:

«Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша ұзақ уақыт аяқталмай қалған жобалардың саны екі есеге жуық қысқарды. Егер 2020-2022 жылдары Су шаруашылығы комитетінің теңгерімінде осындай 19 жоба болса, бүгінде олардың саны 10-ға дейін азайды. Қалған жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр».

Мемлекет тарапынан қолға алынған мұндай кешенді шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы мен су ресурстары әлеуетін сапалы жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Теректі өзеніне аққулар келіп қонды

Теректі өзеніне аққулар келіп қонды

Бүгін, 14:00
Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.