Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

naryntany.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Қаратал ауданында жергілікті өкілетті органдардың құрамын жаңарту мақсатында маңызды саяси оқиға басталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қаратал аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың бекітілген күнтізбелік жоспары жарияланды. Аудандық аймақтық сайлау комиссиясы қабылдаған №27 қаулыға сәйкес, саяси науқан жергілікті демократияны дамытуға, халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған. Кезектен тыс сайлау үдерісі еліміздің сайлау заңнамасына толық сәйкес, ашық әрі әділ жағдайда ұйымдастырылады.

Бекітілген кестеге сәйкес, кандидаттарды ұсыну шаралары 14 қазанда басталып, 27 қазан сағат 18.00-де аяқталды. Бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша азаматтар өз-өзін ұсыну арқылы немесе саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер атынан түсуге мүмкіндік алды. Ал кандидаттарды тіркеу үдерісі 1 қараша күні сағат 18.00-де ресми түрде мәресіне жетті. Үміткерлер өздерінің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына тапсырып, барлық заңды талаптарға сай тексеруден өтті. Ауданда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 1 қараша сағат 18.00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00.00-ге дейін, яғни тыныштық күніне дейін жалғасады.

Сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары жүйелі жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, 8 қарашаға дейін аудан әкімі әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін тиісті комиссияларға акт арқылы тапсырады. Ал 13 қарашадан бастап азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміндегі деректерін учаскелерде тексеруге мүмкіндік алады. Дауыс беру уақыты мен орны туралы халықты құлақтандыру 18 қарашаға дейін аяқталады. Сайлау күні, яғни 29 қарашада дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргізіледі. Сайлау дауыстарын санау сағат 20.00-де басталып, 12 сағаттан аспайтын мерзімде аяқталуы тиіс.

Аудандық аймақтық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін 30 қарашаға дейін белгілеп, сайлаудың соңғы қорытындысын 3 желтоқсанан кешіктірмей бекітеді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары 5 желтоқсанға дейін ресми жарияланады.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31
Елде жаңа ұшу-қону жолақтары салынады

Елде жаңа ұшу-қону жолақтары салынады

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.