Талдықорған: +8°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Qarmet жылына 540 мың тонна металл өнімін шығаратын кешен салуда

Бүгін, 13:50
ЖАҢАЛЫҚТАР
Qarmet жылына 540 мың тонна металл өнімін шығаратын кешен салуда

Ақорданың баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласына жұмыс сапары барысында Qarmet компаниясының сортты прокат кешені құрылысының барысын көрді. Жаңа өндіріс орны жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға қауқарлы болады.

Ақорданың мәліметінше, жобаның технологиялық серіктесі – қытайлық CERI инжиниринг компаниясы. Жаңа цехта беріктігі жоғары А600 және А1000 санатты болат арматура, сондай-ақ бұрыштар, швеллерлер және өзге де сұранысқа ие металл өнімдері өндіріледі.

Кешен құрамына сағатына 100 тоннаға дейін металл өңдеуге мүмкіндік беретін жоғары өнімді қыздыру пеші кіреді. Жобаны іске қосу арқылы Qarmet сортты прокат өндірісінің көлемін арттырып, ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін төмендетуді көздейді. Сонымен қатар кәсіпорынның құрылыс саласындағы, соның ішінде атом электр стансасын салуға қажетті металл өнімдерін жеткізу мүмкіндігі кеңейеді.

Қазіргі уақытта нысанда негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау және қажетті инфрақұрылымды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сортты прокат цехын биыл жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, Qarmet компаниясының инвестициялық бағдарламасы 3,5 миллиард долларға бағаланады. Металлургия комбинатында төрт ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар – №8 және №9 кокс батареяларының, сортты прокат кешенінің, мырыштау және полимерлі жабын желісінің, сондай-ақ құю-илемдеу кешенінің құрылысы.

Компанияның стратегиялық жоспарына сәйкес, 2028 жылға қарай жылына 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіру көзделген. Бұдан бөлек, өнімнің өзіндік құнын төмендету, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері қойылған.

Қатысты жаңалықтар

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.