Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бабалардан жеткен бұйым
WhatsAppTelegramFacebook

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.

Тур барысында Талдықорған қаласында орналасқан үш кәсіпорынға бардық. Онда «Даму» қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, мемлекеттік қолдаумен алынған құралдардың бизнесті дамытуға, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге және жұмыс орындарын сақтауға қалай ықпал етіп жатқанын көрдік. Тур «Бриллиант» шығармашылық студиясынан басталды. Ғимарат табалдырығын аттаған сәттен-ақ ішінің заманауи үлгіде безендірілгені, балалардың шығармашылығына ерекше мән берілетіні байқалды. Би, вокал, домбыра, сурет салу сынды өнер бағыттары тоғысқан ортада әр баланың өз қабілетін танып, қызығушылығына қарай дамуына мүмкіндік қарастырылыпты. Алдағы уақытта актерлік өнерді де енгізу жоспарда бар.

Төрт жастан асқан бүлдіршіндерге арналған студия балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың бойындағы өнерге деген ынтасын оятуға бағытталған. Осы студияның негізін қалаған кәсіпкер Шолпан Әздерова 2020 жылдан бері шығармашылық білім беру саласында қызмет атқарып келеді. Бұл жерде қазір 700-ден астам бала білім алып, 10-нан астам тұрақты оқытушы қызмет етеді. Бұл – әр баланың бейімі мен қызығушылығына қарай таңдау жасауына мүмкіндік беретін кең өріс. Шолпан Мерекенқызының айтуынша, әр баланың қабілеті мен өнерге бейімділігі әртүрлі.

Бірі сахнаға шығуға асықса, екіншісі музыкалық аспапты меңгеруге қызығады. Сондықтан бірнеше бағыттың қатар ұсынылуы балалардың өз жолын табуына көмектеседі. Ал ұстаздардың міндеті – сол қызығушылықты қолдап, баланың әлеуетін ашуға жағдай жасау. Тағы бір маңызды жетістігі – жобаның «Даму» қорының қолдауына ие болуы. Атап айтқанда, студия «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қолдау тапқан. Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына инвестиция салу – болашаққа жасалған маңызды қадам.

Қаладағы «Алаша» қонақүйі де заман талабына сай қызмет көрсетіп келеді. Оның да жұмысын көріп, қонақжайлылықтың жылы лебін сезініп қайттық. Бұл жерде келушілерді жайлы орта, тыныштық пен әрбір қонақтың көңілінен шығуға деген ұмтылыс қарсы алады. Мұндағы басты мақсат – келушілерге сапалы қызмет ұсынып қана қоймай, олардың үйіндегідей еркін сезінуіне жағдай жасау. Бұл қонақүйдің қалыптасып, бүгінгі деңгейге жетуіне жеке кәсіпкер Гүлназ Кененбаеваның сіңірген еңбегі зор. Ол 2002 жылдан бері кәсіпкерлік саласында қызмет атқарып, өз ісін дамытуға және тұтынушылардың сенімін ақтауға күш салып келеді.

Жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен қызмет көрсету сапасына деген жауапкершілік «Алаша» қонақүйінің қаладағы сұранысқа ие орналастыру орындарының біріне айналуына негіз қалады. Қонақүй жұмысымен танысу кезінде мұндағы қызметтің негізгі өзегі – жайлылық пен сапа, бастысы тазалық екенін байқадық.

«Алаша» қонақүйінің жобасы «Даму» қорының қолдауына «Бірыңғай кешенді бағдарлама» және «Кепілдік қоры 1» бағдарламалары аясында ие болған. Аталған қолдау қонақүй кешенінің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру нәтижесінде қонақүй келушілерінің заманауи талаптарына сай келетін 20 жаңа жайлы нөмір пайдалануға берілген. Бұл – кәсіпкерлік қызметті дамыту жолындағы маңызды қадам әрі аймақтың туристік және іскерлік инфрақұрылымының жетілуіне қосқан үлес.

Осылайша кәсіпкердің көпжылдық тәжірибесі мен мемлекеттік қолдау тетіктерінің ұштасуы қонақүйдің материалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болды.

Біз отандық өндіріс саласында өзіндік орны бар кәсіпорындардың бірі «IPM Group» ЖШС тіршілігін де көрдік. Республикадағы арнайы киім шығаратын бірегей компания қорғаныс киімдері мен өнеркәсіптік костюмдерді қоса алғанда, әртүрлі сала сұранысына сай арнайы киімдер шығарады. Он үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орнының өнімдері бүгінде шет мемлекеттерге де танымал. Кәсіпорында шығарылған киімдер өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еңбек жағдайларын жақсартуға және мамандарды жұмыс барысында қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жерде отыз адам еңбек етеді. Өндіріс көлемін ұлғайту мен кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуде мемлекеттік қолдаудың маңызы зор.

Осы мақсатта «IPM Group» ЖШС айналым қаражатын толықтыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында қолдауға ие болған. Бұл тетік кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, бизнес жобаларын жүзеге асыруына жол ашады. «Даму» қорының қолдау құралдары кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, өндірістік әлеуетін арттыруға және бизнестің одан әрі дамуына ықпал етеді. Мұндай қолдау отандық өндірушілердің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ел экономикасының дамуына да оң әсерін тигізеді.

Осылайша журналистер «Даму» қоры ұсынатын мемлекеттік қолдау құралдарымен кеңінен танысып, олардың жүзеге асырылу тетіктері жөнінде толық ақпарат алды. Сонымен бірге қор өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаудың шарттары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты жауап тапты. Жалпы, мұндай кездесулердің мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру, бизнестің табысты тәжірибесін көпшілікке таныстыру және отандық өндірістің маңызын насихаттау.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.