Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өркендеудің өзегі

dknews.kz

WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Соның ішінде энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық жүйелерді жаңғырту, цифрландыру және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше басымдық берді.

Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аймақтардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңартуға және халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл бастамалар, әсіресе табиғи газға қол жеткізуді күтіп отырған ауылдық елді мекендер үшін маңызды. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында және облыс басшысының тапсырмасына сәйкес аймақта ауқымды газдандыру жобалары қолға алынған.

Атап айтқанда, Талдықорған – Үшарал бағыты бойынша 84 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл – облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Өңірдегі газ шар- уашылығын дамытуда 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының да маңызы ерекше. Аталған жоба қолданыстағы инженерлік желілерді жаңартуға, олардың тозу деңгейін төмендетуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Бұл ретте газ тарату жүйелерінің техникалық жағдайын тұрақты бақылау, желілерге уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау басты назарда. Сондай-ақ саланы цифрландыру бағытында да бірқатар маңызды міндеттер жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, интеллектуалды есепке алу құралдарын енгізу және олардан деректерді қашықтан алу жүйесін дамыту көзделген. Мұндай технологиялар газ тұтыну көлемін нақты бақылауға, есеп жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдерді енгізу – уақыт талабы. Заманауи технологияларды пайдалану өндірістік үдерістердің тиімділігін арттырып қана қоймай, ықтимал ақауларды дер кезінде анықтауға және ресурстарды тиімді басқаруға жағдай жасайды.

Біздің басты мақсатымыз – аймақ тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз ету. Газ ин-фрақұрылымын дамыту барысында әрбір жобаның әлеуметтік маңызына ерекше мән береміз. Өйткені атқарылып жатқан жұмыстардың түпкі нәтижесі – халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту. Алдағы уақытта да инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Жалпы, Жетісу облысындағы газдандыру жұмыстары – аймақтың тұрақты дамуына, ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Оның басты нәтижесі – әрбір отбасы үшін қолайлы әрі қауіпсіз тұрмыс жағдайын қалыптастыру.

Нұржан ТҮЙМЕБАЕВ,
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу
өндірістік филиалының директоры

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.