Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ, ЭКОНОМИКА
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан өзінің халықаралық экономикалық және технологиялық байланыстарын қарқынды дамытып, әлемнің жетекші мемлекеттерімен серіктестікті нығайту бағытында маңызды қадамдар жасауда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Иерусалимге барған жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 10-отырысында Қазақстан делегациясына жетекшілік етті. Жаслан Мәдиев Ицхак Герцогке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Кездесу барысында екі ел өкілдері бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын, сондай-ақ жасанды интеллект, су технологиялары, маңызды минералдар мен туризм салаларындағы ықпалдастықты кеңінен талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тікелей әуе қатынасын дамытуға уағдаласып, визасыз режим енгізу жоспарларын қарастырды.

Отырыс қорытындысындағы ең басты нәтиже – екі ел бизнесі көптен күткен Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қою. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған бизнес-форум аясында 7 коммерциялық құжат бекітілді. Жалпы күн тәртібіне инвестициялар, сауда, су ресурстары, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғарыш және білім беру мәселелері енгізілді. Келіссөздерге екі мемлекеттің бейінді мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Әсіресе су ресурстарын басқару мәселесіне ерекше назар аударылды. Аумағы кең әрі климаттық жағдайлары әртүрлі Қазақстан үшін су жүйелерін мониторингтеу, су шығынын азайту және инфрақұрылымды жаңғырту технологиялары өте өзекті. Осы ретте Израильдің мол тәжірибесін өндіріске енгізу мен бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу мүмкіндіктері қарастырылды. Денсаулық сақтау саласында да инвестициялық әріптестік, медициналық инфрақұрылымды дамыту және кәсіби құзыреттер алмасу жайы сөз болды. Келіссөздердің негізгі өзегі саналатын цифрлық экономика бағытында Қазақстан өзінің есептеу инфрақұрылымын жүйелі түрде кеңейтіп, мемлекеттік басқару мен экономика салаларына жасанды интеллектті белсенді түрде енгізіп келеді.

Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев екіжақты қарым-қатынастың маңызына тоқталып:

«Біз үшін ынтымақтастық тәжірибе алмасу және құжаттарға қол қоюмен ғана шектелмеуі маңызды. Оның нәтижесінде нақты жобалар, жаңа құзыреттер, инвестициялар мен Қазақстанда іске асатын технологиялар пайда болуы керек. Алдағы әріптестікті осы бағытта дамытуды көздеп отырмыз», – деді.

Келесі кезеңде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, ғылым, әлеуметтік сала және инвестицияларды қорғау бағыттарындағы ынтымақтастықты құжат жүзінде толық рәсімдеу жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.