Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолдау басымдықтары: Жетісуда өндіріс қызметкерлерімен пікір алмасты

4 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жолдау басымдықтары: Жетісуда өндіріс қызметкерлерімен пікір алмасты

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі  Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша республикалық үгіт-насихат тобының мүшелері  Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай мен Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Руфина Усанова Талдықорған қаласындағы «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Кәсіпорынның мәжіліс залында өткен іс-шараға 100 адам қатысты.

Кездесу барысында Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай өндіріс орындарының жұмыс орындарын құрудағы, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз етудегі және бюджет түсімдерін арттырудағы рөліне тоқталды. Ол «Қайнар-АКБ» өнімдерінің шетел нарығына шығуы отандық өндірістің әлеуетін көрсететінін атап өтті.

– «Қайнар-АКБ» – өңіріміздің мақтанышы. Өзіміздің туған жерімізде шығарылған өнімнің шетелде пайдаланылып жүргені қуантады. Өндіріс көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, азаматтардың табысы мен салық түсімдерінің көбеюіне ықпал етіп отыр. Сондықтан осындай кәсіпорындар дамуының ел экономикасындағы маңызы зор, – деді депутат.

ҚР Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усанова кәсіпорын жұмысшыларына қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

– Кәсіпорынды аралау барысында өндірістегі жұмыстың қаншалықты күрделі әрі жауапты екенін көрдім. Мұнда еңбек ететін 1200 адамның 45 пайызы әйелдер екен. Осындай ауыр жұмысты атқарып жүрген әйел азаматтарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға еңбектеріңіз үшін рақмет, – деді Руфина Усанова.

Кездесуге қатысушылар облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру, Талдықорғандағы қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Сол сияқты әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндеттеріне тоқталып, жол, су, газ және электрмен жабдықтау мәселелерін шешудің маңызын айтты. Сондай-ақ басқосуда кәсіпорын қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі де көтерілді. Ұжым өкілі жұмысшылардың табысы кейбір тұрғын үй бағдарламаларының талаптарына сәйкес келмейтінін айтып, оларға баспана алудың қандай мүмкіндіктері барын сұрады.

Наурыз Сайлаубай кәсіпорынға «Отбасы банкпен» бірлесіп, қызметкерлердің табысы мен еңбек өтілін ескеретін арнайы ипотекалық бағдарлама әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол мысал ретінде Хромтаудағы тау-кен кәсіпорнының банкпен бірлесіп, жұмысшыларына баспана алуға қолдау көрсеткен тәжірибесін келтірді.

Кездесу соңында Наурыз Сайлаубай мен Руфина Усанова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.