Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Дін және қоғам

Айша Серікқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Бірлік – ұлттың ұстыны, татулық – қоғамның тірегі. Әр адамның сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарап, ортақ құндылықтар төңірегінде ұйысу ел ішіндегі тұрақтылықтың басты кепілі. Осындай ізгі мұраттарды көздеген Жетісу облысында «Бірлік пен өзара түсіністік – ел тұтастығының негізі» тақырыбында IV Клуб отырысы өтті.

Талдықорғандағы Тіл сарайында Рухани келісім күніне арналған басқосу өтті. Оған өңірдегі діни бірлестіктердің жетекшілері мен қоғам өкілдері қатысып, ортақ іске жұмылу, әлеуметтік мәселелерді бірлесе шешу, мемлекет пен діни қауымдастықтар арасындағы байланысты жетілдіру жайын талқылады.

Іс-шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов:

«Қоғамдағы бейбітшілік пен өзара құрметті қалыптастыру – баршаға ортақ жауапкершілік. Бұл бағыттағы жұмыстар елдің тұтастығын нығайтып, азаматтардың бір-біріне деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Осы мақсат аясында елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Кітап оқитын ұлт» марафоны секілді бастамалар жемісін беріп келеді. Оның мысалын азаматтардың күнделікті тұрмысындағы өзгерістерден аңғаруға болады. Бұл аса қуантатын жайт», – деді.

Диас Рахметұлы күн тәртібіндегі өзге де әлеуметтік мәселелерге тоқталып, соның ішінде соңғы жылдары өзектілігі артып отырған отбасы тұрақтылығы мәселесін көтерді. Әсіресе, ажырасу деректерінің көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, бұл бағыттағы жұмысты тек мемлекеттік органдардың міндеті ретінде қарастырмай, діни бірлестіктердің де белсенді араласуы қажеттігін атап өтті. Осы орайда барлық конфессия өкілдерінің күш біріктіруімен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ортақ жоба әзірлеу жөнінде ұсыныс білдірді.

Басқосу барысында Жетісу облысының Бас имамы Керімбек Дәуітов қоғамдағы рухани тәрбиенің маңызына тоқталды. Ол ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен адамгершілік қағидаларын жас ұрпақ санасына сіңіру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жастарды елін құрметтейтін, сөзі мен ісіне жауап бере алатын, айналасына жанашыр азамат етіп тәрбиелеуде отбасы, қоғам және діни қауымдастықтардың ықпалдастығына назар аударды.

Кездесуде сөз алған Талдықорған епископы, Астана епархиясының викарийі Клавдиан (С. В. Поляков) діни бірлестіктердің қоғамдағы орнына тоқталып, түрлі сенім өкілдерінің бір елдің ортақ құндылықтары төңірегінде топтасуының маңызын атап өтті. Оның пікірінше, мемлекет пен діни қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенім қоғамдағы тұрақт

ылықтың берік негізіне айналуы тиіс.

«Біз қоғам өмірінен тыс қалған емеспіз. Елде қолға алынған игі істерге бұған дейін де атсалыстық, алдағы уақытта да ортақ іске үлес қосып, халықтың рухани сұранысына жауап беретін бастамаларды қолдауға ниеттіміз», – деді Сергей Поляков.

Ал лютеран діни бірлестігінің жетекшісі Александр Искaкoв әңгіме арқауын адами қарым-қатынасқа бұрды. Ол әртүрлі діни көзқарастағы адамдарды жақындастыратын басты күш – бір-біріне құрметпен қарау, мұқтаж жанға қол ұшын созу және қиын сәтте сырт айналмау екенін жеткізді.

Клуб отырысы аясында өңірдің рухани өміріне белсене араласып, конфессияаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.