Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
КҮНДЕРЕК
Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде отандық аквашаруашылықты дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және су айдындарының балық қорын толықтыру бағытында маңызды жобалар іске асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы DKNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысында жыл сайын 11 млн балық шабағын өсіріп, табиғи су айдындарына жіберу көзделіп отыр. Аталған бастаманы «Жетісу балық» кәсіпорны қолға алып, өндірістік қуатын кеңейтуді бастады. Аталған жоспардың негізгі мақсаты – Балқаш пен Алакөл көлдерінің балық қорын қайта қалпына келтіру және аймақтағы аквашаруашылық әлеуетін арттыру. Өткен жылы кәсіпорын жергілікті су айдындарына 70 мың шабақ жіберсе, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 157 есеге ұлғайту көзделуде. Жылдық меже бойынша Балқаш пен Алакөл көлдеріне 10 млн, ал Жетісу облысының ішкі су айдындарына 1 млн балық шабағы жіберіледі. Бұл ретте балықтандыру жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

Қазіргі таңда кәсіпорын бахтах, яғни форель өсіруге басымдық беріп отыр. Өндіріс ошағында уылдырықты 25 күн бойы инкубациялап, одан шыққан шабақтарды тағы 25 күн арнайы бассейндерде өсіреді. Шабақтардың салмағы 10 грамға жеткен кезде олар сатуға немесе су айдындарына жіберуге дайындалады. Шаруашылықта тұрақты 7-11 градус температураны сақтайтын жеке ұңғыма суы пайдаланылады. Алдағы уақытта кәсіпорын форельден бөлек тұқы, сазан, ақ амур және дөңмаңдай сияқты балық түрлерін де көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша өңірдегі балықшылар мен кәсіпкерлердің басқа облыстардан қымбат бағаға шабақ тасымалдау шығындары азаяды.

Сонымен қатар «Жетісу балық» кәсіпорны балық жемін шығаратын жеке зауыт салуды көздеп отыр. Мұндай өндіріс импорттық өнімдерге тәуелділікті азайтып, өндірістік шығындарды 20-30 пайызға оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан бұл жобаны қолдау мақсатында 75 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінген. Алынған қаржы уылдырық сатып алуға, құрал-жабдықтарды жаңартуға және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан аталған кешенді бағдарлама Жетісу өңірін балық шаруашылығы бойынша еліміздегі жетекші аймаққа айналдыруға зор мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін, 14:52
Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.