Талдықорған: +5°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы «Al-Farabi» орденімен марапаттады. Мемлекет басшысы бұл награда екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілгенін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің тереңдей түскенін көрсететінін айтты. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі қарқынды ықпалдастық ортақ басымдықтарды жүзеге асыруға және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Біз Иорданиямен сан қырлы байланыстарды жоғары бағалаймыз. Еліміз Сізді бүкіл әлемде беделі биік көрнекті әрі көреген көшбасшы ретінде біледі. Сіздің тегеурінді, байыпты басшылығыңызбен Иордания бейбітшілік пен тұрақтылықтың, абырой мен әділеттің мекені, сондай-ақ қарқынды даму үстіндегі инновация мен орнықты өсім орталығы ретінде танылды. Әлемдік қоғамдастық Сіздің ой-пікіріңізге құлақ асады, жаһандық диалогты өрбітуге елеулі түрде ықпал етіп келесіз. «Ақаба процесі» бастамасы Сіздің халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге әрдайым бейіл екеніңізді анық көрсетеді. Ертең Астанада Иорданиямен бірлесіп осы бастама аясындағы кезекті саммитті өткіземіз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Корольдің қолдауының арқасында екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде серіктестік екі елдің әлеуетін аша отырып, жаңа бағыттар бойынша дамып келеді. Былтырғы өзара сапарлар да ынтымақтастыққа тың серпін берген.

– Бүгінде серіктестігіміз екі мемлекеттің де зор әлеуетін аша отырып, жаңа, перспективті бағыттарда белсенді түрде дамып келеді. Былтыр ұйымдастырылған өзара сапарлар бұған тың серпін берді. Осы оң қарқынды сақтап, ықпалдастықты бұдан да жоғары деңгейге жеткізуге ниеттімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Король ІІ Абдалланы Қазақстанның жақын досы санайтынын жеткізіп, оған «Al-Farabi» орденін табыстау зор мәртебе екенін айтты.

Президент награданың Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің құрметіне аталғанын атап өтті. Оның пікірінше, ойшылдың даналық, үйлесім мен бірлік туралы мұрасы Қазақстан мен араб әлеміне ортақ рухани құндылық саналады.

– Қазақстан мен Иорданияның арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге Al-Farabi орденін табыстау – мен үшін зор мәртебе. […] Аталған мәртебелі марапаттың алғашқы иегері болып отырсыз. Мұны тарихи уақиға деп санаймыз. Осы жоғары награданы Қазақстанның Сізге деген риясыз құрметінің белгісі ретінде қабыл алыңыз, – деді Президент.

Осылайша, Король ІІ Абдалла «Al-Farabi» орденінің алғашқы иегері атанды.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Бүгін, 19:28
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Бүгін, 19:25
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 19:20
Дін және қоғам

Дін және қоғам

Бүгін, 17:06
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.