Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
КҮНДЕРЕК
Жазушыға құрмет көрсетілді

Фото. FACEBOOK/ Ерлан Жүнісбай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жұрты мерейі үстем болған жерлес қаламгерін төрге шығарып, құрмет көрсетті. «Меценат» әдеби байқауының жеңімпазы, жазушы Есболат АЙДАБОСЫНДЫ облыс әкімінің орынбасары Диас ЕСДӘУЛЕТОВ арнайы қабылдап, шығармашылық табысына құттықтауын жеткізді. Кездесу барысында қаламгердің иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, сый-құрмет жасалды.

Кездесуде Диас Рахметұлы жазушының байқаудағы жеңісі Жетісу өңірінің ғана емес, тұтас қазақ әдебиетінің мерейін өсіргенін атап өтті. Сондай-ақ Есболат Серікбайұлының журналистика саласындағы ізденісін көркем әдебиеттегі қарымды еңбегімен ұштастырып келе жатқанына тоқталды. Қалам қуатын қадірлеген жанның қос салада қатар тер төгуі оның шығармашылық өрісінің кеңдігін аңғартатынын жеткізді.

Кездесуде қаламгер алдағы жоспарларымен де бөлісті. Оның айтуынша, жазу үстелінде қолға алынған, аяқталуға таяған бірнеше туындысы бар. Ал оқырман ықыласына бөленіп, әдеби бәйгелерде топ жарған «Бүкір» романы небәрі екі-үш айдың ішінде дүниеге келген.

Менде бастап қойған, ортасына келіп қалған шығармалар бар. Соларды аяқтап-жазамын. Ал «Бүкір» романына келетін болсақ, ол екі-үш айда жазған шығармам. Ат тақырыбын жазғанда жаным жай табатыны бар. Сөйтіп жазылған. Бір емес, екі бәйгеден орын алды. Бағы бар шығарма екен. Кез келген кітабымнан бір бас жоғары болды. Оқылым жағынан да, насихатталу жағынан да артық,  – дейді Есболат Серікбайұлы.

Қаламгердің сөзінен түйгеніміз, «Бүкір» романының жолы болғаны өз алдына, оның оқырманмен табысуы да айрықша қуантады. Кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында өтіп, бүгінде республикадағы кітап дүкендерінің сөрелеріне қойылған. Сонымен қатар Kaspi платформасы арқылы да саудалануда. Бұл шығарманың әдеби ортадан асып, қалың көпшілікке жол тартқанының бір көрінісі.

Есболат Айдабосын әңгіме арасында жазушы еңбегінің қадірі оқырманмен өлшенетінін де тілге тиек етті. Оның пайымынша, қаламгердің міндеті шығарма жазумен тамамдалмайды. Жазылған дүниенің елге жетіп, оқырман жүрегінен орын табуы да маңызды.

Экономика тілімен айтсақ, жазушы деген өндіруші. Біз өндірушіміз. Ал оның тұтынушысы оқырман. Осыған дейін жазушылар өндіріп келді. Бірақ белгілі бір себептермен оқырман мен жазушылар арасында арақашықтық болды. Енді Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы жақсы болды. Жазылған дүние оқылу керек. Ал ол оқылмаса, кәсіпкердің өндіргені шіріп кеткен сияқты, ол да қалып қояды, – дейді қаламгер.

Расында, қалам мен қағаздың арасындағы сырлы байланыс оқырманға жеткенде ғана баянды болмақ. Кітаптың дүкен сөресіне қойылуы, ел ішіне таралуы, жас ұрпақтың қолына тиюі әдебиеттің тынысын кеңейтеді. Жетісулық жазушыға көрсетілген құрмет те қаламгер еңбегіне деген ілтипаттың, туған топырақтан түлеген талантты бағалаудың айқын белгісі.

«БҮКІР» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Қаламгерге көрсетілген құрмет мұнымен толастаған жоқ. Кездесу С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада жалғасын тауып, Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы жетісулық оқырман қауымға кеңінен таныстырылды.

Басқосуға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры Сайлау Қожағұлов, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, ақын Жангелді Немеребай, Халықаралық «Ертөстік» әдеби сыйлығының иегері Гүлбақыт Қасен, «Жетісу Медиа» КММ басшысы Ришад Тұрғанбай, «Jetisý» газетінің веб-редакторы Асыл Сұлтанғазы және өңірдің өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған қалам иелері Есболат Серікбайұлының әдеби бәйгеге қатысқан сәтінен бастап тілеуін тілеп, тақым қысқанын жеткізді. Жазушының жеңісі өздеріне де ортақ қуаныш болғанын айтып, еңбегіне лайық бағасын берді. Солардың қатарында ақын Әміре Әрін қаламгерге бұған дейін ақ батасын арнағанын еске алды.

Бата деген қазақ үшін киелі дүние. «Батамен ел көгерер» дегендей, Есболатқа батамды бердім. Сондай-ақ талантты мойындау үшін көп нәрсе керек жоқ. Ол үшін шығармасын оқып, тініне жетіп, табиғатын бойға сіңіру қажет. Осы талантты жазушымыз Жетісуға керемет олжа алып келді. Көптен бері мұндай сүбелі еңбек Жетісуда жазылмаған еді, оны мойындауымыз керек, – деді Әміре Әрін.

Алғы буын өкілінің бұл пікірі қаламгер еңбегіне берілген шынайы әдеби бағамен астасып жатты. Шынында да шығарманың шырайын танытатын нәрсе оның оқырман көңілінде қалдырған әсері мен көркемдік қуаты екені анық.

Ал Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым романның электронды нұсқасын алғашқылардың бірі болып оқығанын айтып, енді оның кітап болып жарық көргеніне қуанышын білдірді. Әсіресе шығармадағы жылқы болмысына қатысты суреттеулерге айрықша тоқталды. Жүйріктің сипатын ашатын «Үш шоқылы» деген теңеуді бұрын-соңды естімегенін айтып, автордың көнерген сөздерді кәдеге жаратып, ұмыт бола бастаған тіл қазынасын көркем шығармаға арқау еткенін жоғары бағалады. Қаламгердің сөз саптауындағы ізденіс пен еңбекқорлықты да атап өтті.

Талай дүбірлі додада сөз бастаған айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов та жазушының шығармашылығына ықыласын жасырмады. Денсаулығына байланысты Үндістанда ем қабылдап жатқан кезінде де романмен танысып, өз ой-пікірін жолдағанын жеткізді. Оның айтуынша, Есболат Айдабосынның жылқы тақырыбына келгенде қаламы төселіп, ойы еркін өріледі. Әсіресе романдағы Бүкір жүйріктің болмысын, аттың сыны мен қасиетін бейнелеудегі авторлық шеберлікке тоқталып, шығарма жөніндегі толғамын ортаға салды.

Кеш барысында айтылған пікірлердің өзегінде бір арна бар. Ол, әрине, жазушының қаламгерлік қарымы мен «Бүкір» романының көркемдік қуатына деген құрмет. Жылқыны қазақтың жанына балаған жұрт үшін ат тақырыбының орны бөлек. Оның үстіне, шығармада ел жадынан жоғала бастаған сөздердің қайта жаңғырып, жүйрік табиғатының әдеби өрнекпен кестеленуі туындының танымдық тынысын да кеңейте түседі.

Әдеби басқосудың тағылымы да осында. Бірі бата беріп, бірі байыпты бағасын айтса, енді бірі жүрекжарды ықыласын білдірді. Бәрінің тілегі бір, ол туған топырақтан түлеген таланттың томағасы сыпырылып, шығармасының оқырманымен қауышуы. Қаламгерге көрсетілген құрметтің қадірі де, кітаптың тұсаукесеріндегі рухани жарасымның мәні де осындай.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.