«DATEKS» компаниясы мемлекеттік қолдаудың арқасында қызмет аясын кеңейтіп, төсек-орын жабдықтары мен киім тігу бағыттарын дамытуда.
Тоқыма саласында тұрақты жұмыс істеп, тұтынушылар сеніміне ие болу – кез келген кәсіп үшін маңызды жетістік. Ал жиналған тәжірибені жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін пайдалану – бизнестің дамуына серпін беретін қадам. 1996 жылдан бері осы салада еңбек етіп келе жатқан «DATEKS» компаниясы бүгінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Компанияның негізі қаланғаннан бері оның қызметі біртіндеп кеңейіп, түрлі матаны сатудан бастап, тоқыма бұйымдарын тігу мен өткізу бағыттары қалыптасты.
Компания басшысы Татьяна Геннадиевнаның жетекшілігімен кәсіпорын тоқыма өнімдерінің ерекшеліктерін, тұтынушылар сұранысын және нарықтағы өзгерістерді тереңірек танып, мол тәжірибе жинады. Бүгінде компания ассортиментінде мата, тюль, перде, басқа да тоқыма бұйымдары бар. Бұл бағыттағы көпжылдық жұмыс кәсіп-орынның әрі қарай дамуына берік негіз қалады. Қазіргі таңда «DATEKS» қызмет аясын кеңейтіп, өндірістің жаңа бағыттарын іске қосуды көздеп отыр. Атап айтқанда, компания төсек-орын жиынтықтары мен киім тігу ісін дамытуды жоспарлауда. Бұл бастамалар кәсіпорынның қолданыстағы қызметін толықтырып, тұтынушыларға ұсынылатын өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.
Жаңа бағыттарды іске қосу үшін қосымша қаржы ресурстары қажет болды. Осы мақсатта компания «Қазақстан Халық Банк» АҚ-ға жүгініп, айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Сонымен қатар «Іскер аймақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының субсидиялау құралы бойынша қолдауына ие болды. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде несие бойынша жылдық мөлшерлеме 12,6 пайызға дейін төмендетілді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жүктемесін азайтып, босайтын ресурстарды бизнесті дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Қаржыландырудың арқасында компания жаңа бағыттарды игеруге және қызмет көлемін кеңейтуге қажетті мүмкіндіктерге ие болып отыр. Мұндай қолдау шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін арттырып, кәсіпорындардың өз жоспарларын жүзеге асыруына жол ашады.
«DATEKS» үшін жаңа өндірістік бағыттарды қолға алу – жай ғана ассортиментті кеңейту емес, бизнестің келесі даму кезеңіне өту. Төсек-орын жабдықтары мен киім тігу ісін жолға қою арқылы компания тоқыма саласындағы жинақталған білімін жаңа өнім түрлерін өндіруге пайдаланбақ. Сонымен бірге кәсіпорын өзінің қалыптасқан қызмет бағыттарын сақтап, маталар мен интерьерлік тоқыма бұйымдарын сату ісін жалғастырады. Осылайша, бұрыннан келе жатқан тәжірибе мен жаңа бастамалар өзара үйлесім тауып, бизнестің одан әрі өсуіне негіз болмақ. Кәсіпорынның алдағы кезеңі жаңа өнімдер, тың бастамалар және өсуге бағытталған жоспарлармен жалғасын таппақ.
А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ





