Талдықорған: +9°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
КҮНДЕРЕК
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағасына бақылау күшейтілді. Өткен 10 айда сауда саласында  жоспардан тыс 70 тексеру жүргізіліп, барлығында заң талаптарының бұзылғаны анықталған. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 193 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 3,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ербол Ағибаев мәлімдеді. Айтуынша, департаменттің негізгі міндеті – ішкі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ сауда субъектілерінің заң талаптарын сақтауын бақылау.

4 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілген. Оған қызанақ, қияр, алма, сиыр, қой және жылқы еті, тартылған ет, балық, тауық еті, сүттің барлық түрі, майлылығы 2,5 пайыздық айран, қаймақ, қатты ірімшік және қара шай енгізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық жиі тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру және сауда тізбегіндегі негізсіз делдалдарды азайту. Сонымен қатар отандық өндірушілерді өндіріс көлемін ұлғайтуға ынталандыру көзделген.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауы керек. Ал аталған талапты бұзған кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша айыппұл салынады. Оның мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай белгіленеді. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 5, орта кәсіпкерлікке 35, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған, – деді Ерлан Ағибаев.

Спикер өңірдегі сауда инфрақұрылымына да кеңінен тоқталып өтті. Қазіргі таңда Жетісу облысында 22 базар бар. Оның 18-і әмбебап, төртеуі мамандандырылған сауда нысаны. Базарлардың жалпы аумағы 18 гектарды құрайды. Мұнда 4,7 мың сауда орны орналасып, 4,5 мың адам еңбек етеді. Бүгінге дейін облыстағы 8 базар жаңғыртудан өткен. Олардың қатарында Желтоқсан көшесінде орналасқан әлеуметтік базар, Сарқан ауданындағы әмбебап базар, «Алакөл базары», Кербұлақ ауданындағы «Ырыс», Қаратал ауданындағы «Жайлау» мен «Даубай» базарлары бар. Сондай-ақ биыл Текелі қаласындағы «Руал» және Талдықорғандағы «Алдибек» әлеуметтік базарында жаңғырту жұмыстары аяқталған.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлескен жұмыс нәтижесінде сауда үстемесін 15 пайыздан асырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізген үш делдал кәсіпорын сауда тізбегінен шығарылды. Олардың екеуі – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, біреуі – жеке кәсіпкер.

Баспасөз мәслихатында ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер де түсіндірілді. 2026 жылғы 19 қазаннан бастап күшіне енген жаңа талаптарға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу кезіндегі базалық сауда үстемесі 15 пайыз деңгейінде сақталады. Алайда тауарларды тасымалдау және импорттау шығындары, электрондық сауда кезіндегі жеткізу қызметтеріне жұмсалған қаражат, сондай-ақ бөлшек саудадағы азық-түліктің табиғи кемуіне байланысты құжатпен расталған шығындар шекті үстемені ұлғайту кезінде ескерілуі мүмкін. Спикердің айтуынша, бұл өзгерістер сауда субъектілерінің нақты шығындарын есепке ала отырып, баға қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.