Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалдықтарды қайта өңдеуге 400 млн доллардан астам инвестиция тартылады

19 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Қалдықтарды қайта өңдеуге 400 млн доллардан астам инвестиция тартылады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында экология мен экономиканы ұштастыратын маңызды басқосу ұйымдастырылды. Ресей Федерациясының ұлттық павильонында «Тұйық цикл экономикасы: халықаралық ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық сессия өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Алқалы жиынға Ресей табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Дмитрий Тетенькин, «Ресей экологиялық операторы» компаниясының бас директоры Павел Косов және БҰҰ-Хабитаттың Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша директоры Эрфан Али қатысты. Сессия барысында «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов еліміздегі қайта өңдеу саласының даму қарқыны мен шетелдік әріптестерге ұсынылатын тиімді жобалар жөнінде кеңінен баяндады.

Мамандардың түсіндіруінше, «тұйық цикл экономикасы» дегеніміз – өндірілген өнімдер мен қалдықтарды қоқысқа тастамай, қайта сұрыптап, өңдеп, жаңа шикізат ретінде айналымға қайта қосу жүйесі. Мұндай тәсіл табиғи ресурстарды үнемдеп, қоршаған ортаға түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетеді. Сессия қатысушылары заманауи технологияларды енгізу, бірлескен экологиялық бастамаларға қаржы тарту және өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілеріне көшу жолдарын жан-жақты саралады.

Қазақстан тарапы елімізде коммуналдық қалдықтармен қатар, өнеркәсіптік қалдықтарды да қайта кәдеге жарату ісі қолға алынғанын жеткізді. Қазіргі таңда республика аумағында қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға 400 млн доллардан астам қаражат көзделген. Сонымен қатар өңірлердің ресурстық әлеуеті мұқият бағаланып, инвесторлар үшін ең тиімді бағыттар айқындалуда. Егер экологиялық талаптар қатаң сақталса, жылдар бойы жинақталған өнеркәсіптік қалдықтар жаңа зауыттар үшін дайын шикізат көзіне айналады. Аталған бастамалар Жетісу облысы секілді өндірісі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған аймақтар үшін де аса өзекті, себебі өңірде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу нарығын кеңейту экологиялық ахуалды жақсартуға зор үлес қосады.

«Ортақ міндетіміз экономикалық өсім мен экологиялық жауапкершілікті бір даму үлгісінде ұштастыру. Күш-жігерімізді біріктіріп, халықаралық тәжірибеге сүйенсек, жекелеген бастамалардан жүйелі шешімдерге көше аламыз», – деді «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов жиын барысында.

Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар климаттық мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халықаралық қаржы институттары тығыз әріптестікте жұмыс істеуі тиіс деген ортақ тоқтамға келді. Халықаралық тәжірибе алмасу мен жаңа технологияларды тарту еліміздегі жасыл экономиканы ілгерілетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін береді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.