«Халық үніне құлақ асатын мемлекет – әділетті қоғам құрудың негізі»
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына №3 бірмандатты округі кандидат ТАСЫБАЕВ
РУСЛАН ШОҒАЛҰЛЫ
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қаратал ауданының өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – мен үшін маңызды міндеттердің бірі. Ауданның тұрақты дамуы әрбір елді мекеннің жағдайымен, тұрғындардың өмір сапасымен және халықтың болашаққа деген сенімімен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда ауданда жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыру, көшелерді жарықтандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасау ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды.
Мен өз қызметімде аудан тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштеріне назар аударуға, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге және қоғамдық бастамаларды қолдауға басымдық беремін.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдауға, өзекті мәселелерді бірге талқылауға және олардың шешімін табу жолында жұмыс істеуге әрдайым дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Тасыбаев Руслан Шоғалұлы, 1978 жылы 6 наурыз айында Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылында тұрамын.
2016 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2017 жылы Балпық ауылдық округінің әкімі қызметінен бастадым. 2022 жылы «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ал 2023 жылы аталған филиалдың төрағасы қызметін атқардым. 2026 жылдан бастап «ӘДІЛЕТ» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келемін.
Көпжылдық еңбек жолымда өндіріс, шаруашылықты басқару және ұйымдастыру бағыттарында тәжірибе жинақтап, кәсіпорынның тұрақты дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын түсіндім.
Еңбек қызметім барысында мемлекеттік басқару, ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіру, қоғамдық-саяси қызметті дамыту және халықпен тиімді байланыс орнату бағыттарына ерекше мән беріп келемін.
Қаратал ауданының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен үшін маңызды. Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына назар аудару, ел мүддесіне бағытталған бастамаларды қолдау және жастардың дамуына ықпал ету – қызметімнің негізгі бағыттарының бірі. Өз тәжірибем мен білімімді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағыттауды маңызды деп санаймын.
Қазіргі қызметімде «ӘДІЛЕТ» партиясы Қаратал аудандық филиалының жұмысын ұйымдастыруға, партиялық бастамаларды жүзеге асыруға, қоғамдық мәселелерді шешуге және тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуға басымдық беремін. Негізгі мақсатым – Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосу, халықтың мүддесін қорғау және ауданның дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Құрметпен, Тасыбаев Руслан
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1.ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
Жетісу облысы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы 33880 ш.м құрайтын Орталық мәдениет және демалыс паркін күрделі жөндеу Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын қолдау және олардың сапалы орындалуына ықпал етемін.
2.ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Жалпы ауданда жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны 1045, оның ішінде жастардың саны 705 Жастарды тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыс берушілермен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қолдау көрсетемін. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру және кәсіби тәжірибе жинақтау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
3. ШАРУАҒА ҚОЛДАУ – АУЫЛҒА ҚОЛДАУ
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жеңілдетілген несие, субсидия және грант алу мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етемін. Қаржыландыруға қатысты құжаттарды рәсімдеу кезінде шаруаларға кеңес беру және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетемін.
4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Үштөбе қаласындағы Абылай хан көшесі бойында 600 орынды салынып жатқан №51 мектептің құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуына назар аударып сапалы жасалуына ықпал етемін. Білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушыларға қолайлы білім алу жағдайын жасау және жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Үштөбе қаласы мен ауылдық округтерде балалардың, жастардың және ересектердің спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасауға қолдау көрсетемін. Қолданыстағы спорт кешендерінде тегін және қолжетімді секциялар ұйымдастыруға, аудандық жарыстар өткізуге және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қолдау көрсетемін.
6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аудан тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және жаңа тұрғын үй жобаларының жүзеге асуына ықпал ету – басты басымдықтардың бірі. Тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған бастамаларды қолдап, құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы аяқталуына назар аударамын.
7. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы 1,2 км құрайтын Әбдірахман ақын көшесін жарықтандыру құрылғысы және ауданының Үштөбе қаласы 1,2 км ұұрайтын Төлендинов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын назарға аламын.
8. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы 350 куб қолданыстағы кәріз-тазарту станциясының технологиялық бөлігін қайта жаңарту, ауданның ауылдық елді мекендерінде орталықтандырылған ауызсу жүйесін дамытуға, ескірген су құбырларын жаңартуға және сумен жабдықтаудағы үзілістерді азайтуға ықпал етемін. Су жүйелерін жөндеу мен жаңғырту жобаларының уақытылы жүзеге асуына қолдау көрсетемін.
9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауданға қажетті бейінді дәрігерлерді тартуға ықпал ету, жас мамандарға тұрғын үй және әлеуметтік қолдау көрсету арқылы медицина кадрларының тұрақтылығын қамтамасыз етемін.
10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Аудан ауылдарына заманауи талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жұмыстарын жеделдетіп, тұрғындардың тұрақты әрі жылдам интернет пайдалануына жағдай жасаймын.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
Тапсырыс беруші: Тасыбаев Руслан Шоғалұлы
Қаратал ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді







