Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы
WhatsAppTelegramFacebook

Округіміздің дамуы – нақты іспен, ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Исабеков Рысхан Көбегенұлы, Қаратал ауданының Қалпе ауылында дүниеге келдім. 2017 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін «Маркетинг» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2021 жылы банк саласында бастап, Талдықорған қаласындағы «Еуразиялық банк» АҚ №19 филиалының шағын кеңсесінің басшысы қызметін атқардым. 2025 жылдан бастап Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы КММ-нің Қаратал аудандық филиалын басқарып келемін.

Менің басты ұстанымым – спорт нысандарын ұстау ғана емес, чемпион тәрбиелейтін орта қалыптастыру. Әр балаға спортпен айналысуға тең мүмкіндік берілуі тиіс. Жолбарыс батыр, Тастөбе немесе ауданның басқа ауылынан келгеніне қарамастан, қабілетті әр баланың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет. Мұнда таныстық емес, талант пен еңбек бағалануы керек.

«Әділет» партиясының ұстанымдарына сүйене отырып, ауданның даму жобаларының жүзеге асырылуына қоғамдық және депутаттық бақылау жүргізуді, тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін көтеруді мақсат етемін.

Мен үшін басты нәтиже – әр баланың спортпен еркін айналысуы, жастардың жетістігі және аудан тұрғындарының сенімі.

Құрметпен, Исабеков Рысхан

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Жолбарыс батыр ауылдық округінде 2028–2030 жылдары Калпе және Қарашенгел ауылдарының көшелерінде жалпы ұзындығы 7,398 км орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Тастөбе ауылдық округінде Тастөбе және Бірлік ауылдарының көшелерін 2,75 км жөндеу көзделген. Жалпы 10,148 км жолды жөндеу жоспарланып, құрылыс жұмыстары барысында 135 уақытша жұмыс орны ашылады. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын бақылауда ұстаймын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2027 жылы Бесағаш ауылында 12 км, Бірлік ауылында 13 км газ құбырлары мен газ тарату желілерін салу жоспарланған. Нәтижесінде 228 тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Аталған жобалардың уақытылы жүзеге асырылуына және тұрғындарды сапалы газбен қамтуға бақылау жүргіземін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Жолбарыс батыр ауылдық округінде 2026-2031 жылдары микрокредит пен лизинг арқылы 18 кәсіпкерлік жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 18 жаңа жұмыс орны ашылады. Тастөбе ауылдық округінде 2026-2032 жылдары 21 жоба жүзеге асырылып, 21 жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы екі ауылдық округте 39 жоба іске асырылып, 39 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауыл кәсіпкерлігін қолдау және тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етемін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауыл шаруашылығын дамытуға және шаруаларға қолдау көрсетуге ықпал етемін. Ауыл еңбеккерлерінің мәселелерін шешу мен жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуді назарда ұстаймын.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жолбарыс батыр ауылдық округінде 99-ға дейін, Тастөбе ауылдық округінде 98-ге дейін тұрғынды жұмыспен қамту, оның ішінде жастарға жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Денсаулық сақтау нысандарының жағдайын жақсарту мәселесін назарда ұстаймын.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Жолбарыс батыр ауылдық округінде заманауи пәндік кабинеттерді жабдықтау аясында 6 кабинет, ал Тастөбе ауылдық округінде 5 кабинет ашу жоспарланған. Жалпы 11 робототехника, химия, биология, физика және STEM кабинетін ашу көзделген. Осы жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын бақылауда ұстаймын.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Жолбарыс батыр ауылдық округінде бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 19 м², ал Тастөбе ауылдық округінде 16 м² деңгейінде жоспарланған. Тұрғын үй жағдайын жақсарту және халықты баспанамен қамту мәселесін назарда ұстаймын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Жолбарыс батыр және Тастөбе ауылдық округтерінде интернет желісіне қолжетімділік деңгейі қазіргі жоспар бойынша 97% құрайды. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті Жолбарыс батыр ауылдық округінде 100%-ға, Тастөбе ауылдық округінде 2029 жылдан бастап 100%-ға жеткізу көзделген. Ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты интернетпен қамту мәселесін бақылауда ұстаймын.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

Жолбарыс батыр және Тастөбе ауылдық округтерінде елді мекендерді көгалдандыру мақсатында жыл сайын 1 000 түптен ағаш отырғызу, кейінгі жылдары жыл сайын 750 түптен көшет отырғызу жоспарланған. Жалпы екі ауылдық округте жыл сайын 1 500 түптен көшет отырғызу көзделген.

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Уәде емес – нақты іс!

Айтқанымды істеймін, бастағанымды аяқтаймын!

Тапсырыс беруші: Исабеков Рысхан Көбегенұлы
Қаратал ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.