Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына №4 бірмандатты округі кандидат ӘБЕНОВА ТОЛҚЫН ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Әрбір азаматтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі, әрбір жастың білім алып, еңбек етуіне мүмкіндік жасалуы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың назардан тыс қалмауы – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Қаратал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, жастардың әлеуетін арттыруға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Мәслихат депутаты ретінде өз жұмысымды тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына сүйене отырып жүргізуге, жергілікті бюджеттің тиімді жұмсалуына бақылау жасауға, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етуге басымдық беремін.

Мен үшін басты құндылықтар – адам денсаулығы, сапалы білім, жастардың мүмкіндігі және халықтың әл-ауқаты.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

«Қаратал ауданының барлық тұрғындары үшін сапалы, қолжетімді және уақытылы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға ықпал ету»

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Әбенова Толқын Төлегенқызы, денсаулық саласында еңбек етіп, Қаратал аудандық аурухана басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келемін. Менің негізгі ұстанымым – Қаратал ауданы тұрғындарының денсаулығын қорғау, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, жастарға білім мен еңбек жолында қолдау көрсету және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.

Жастардың сапалы білім алуына, тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуына және кәсіби дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл жастарының әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударамын.

Сонымен қатар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, қарт азаматтарды, мүгедектігі бар адамдарды және әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарды қолдау шараларын жетілдіруге күш саламын. Ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, ауызсу, жол, көше жарығы және қоғамдық нысандардың жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды тиісті деңгейде көтеремін.

Құрметпен, Әбенова Толқын

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы 500 шаршы метр құрайтын Гагарин көшесі №59, №61 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жәнеде 1,700 шаршы метр құрайтын нөмері №63, №65, №67; тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарын назарға аламын.

2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Үштөбе қаласында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарды еңбек нарығына тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруына ықпал етемін. Қазіргі таңда қала бойынша 134 азамат жұмыспен қамтылған, оның ішінде 75-і жастар. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, жұмыссыз азаматтарды тұрақты еңбекпен қамтуға, жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға және олардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға қолдау білдіремін.

3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қаратал ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 мың гектардан астам суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін суару жүйелерін жаңғыртуға, каналдарды жөндеу мен тазалауға басымдық беремін. Аудандағы суару желілерінің жалпы ұзындығы 1 770 шақырымнан асады, сондықтан су шығынын азайту, суару жүйелерінің тиімділігін арттыру және шаруашылықтарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстаймын.

4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Үштөбе қаласында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% қамтуға қол жеткізуге, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге басымдық беремін. Қазіргі таңда Үштөбе қалалық округінде 5 балабақша мен 3 шағын орталық жұмыс істейді, оларда барлығы 910 бала тәрбиеленуде. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және балаларға қолайлы жағдай жасауға назар аударамын.

5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Үштөбе қаласындағы 800 шаршы метрлік жаңа бокс және күрес залының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дзюдо, бокс, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсетуге назар аударамын. Сонымен қатар жас спортшылардың аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысуына жағдай жасау, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жаттығу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеремін.

6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы 500 шаршы метр құрайтын Гагарин көшесі №59, №61 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жәнеде 1,700 шаршы метр құрайтын нөмері №63, №65, №67; тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарын назарға аламын.

7. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы, жол жабынының сапасын, көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалуын бақылауға мән беремін. Қала көшелерінің жол инфрақұрылымын жақсарту, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою және тұрғындардың жол сапасына қатысты өтініштерін назарға алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ықпал етемін.

8. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазіргі таңда қаладағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 35,448 шақырымды құрайды, ал сарқынды суларды қабылдау көлемі тәулігіне 646,1 текше метрге жетеді. Жобалық қуаттылығы тәулігіне 1 200 текше метрді құрайтын жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тазарту құрылыстарының технологиялық жабдықтарын жаңғырту және қоршаған ортаға кері әсерді азайту бағытындағы жұмыстарды назарда ұстаймын.

9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудандық аурухана, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттердің жағдайын зерделеп, жөндеуді қажет ететін нысандарды анықтау, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және заманауи диагностикалық құралдарды жаңарту бойынша ұсыныстар білдіремін.

10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық елді мекендерінде мобильді байланыс пен жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыруға басымдық беремін. Байланыс сигналы әлсіз аумақтарда базалық стансалар орнату, қолданыстағы стансаларды 4G стандартына жаңарту және интернет желісінің сапасын жақсарту мәселелерін тиісті мекемелер мен байланыс операторларының алдында көтеремін.

Қазақстан бойынша 2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның есебіне сәйкес, ауылдық елді мекендерде 20 базалық станса пайдалануға беріліп, шамамен 1 400 абонентті байланыс қызметтеріне қосуға мүмкіндік жасалды. Осы тәжірибені негізге ала отырып, Қаратал ауданындағы байланыс сапасы төмен аумақтарды анықтау, базалық стансаларды орнату қажеттілігін зерделеу және цифрлық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту бағытындағы жұмыстарға ықпал етемін.

«Халық сенімі – басты міндет, елге қызмет ету – қасиетті парыз!»

Тапсырыс беруші: Әбенова Толқын Төлегенқызы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.