Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тайжанов Ғали Бейсекұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тайжанов Ғали Бейсекұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ТАЙЖАНОВ ҒАЛИ БЕЙСЕКҰЛЫ. Бірмандатты сайлау округі № 2.

«Ауылдың дамуы – елдің болашағы!»

 

          Құрметті сайлаушылар!

Ауылдың дамуы – халықтың әл-ауқаты мен ел болашағының кепілі. Туған жерді көркейту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және ауыл шаруашылығын дамыту – ортақ міндетіміз.

Мен, Тайжанов Ғали Бейсекұлы, 1970 жылы Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келдім. Білімім – орта. 2004 жылдан бері Сырымбет ауылында «Тайжанов Ғ.» шаруа қожалығын басқарып келемін. Еңбек жолымда ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек тәртібін сақтауға және шаруашылықтың тиімділігін арттыруға басымдық беріп келемін.

Менің басты мақсатым – ауданымыздың дамуына үлес қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Құрметпен Тайжанов Ғали

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Сырымбет және Қаратал ауылдық округтеріндегі жолдардың сапасын жақсарту – басты міндеттердің бірі. Қаратал ауылында: Талды көшесінің 4 км жолына орташа жөндеу, Тәуелсіздік көшесінің 2 км жолына қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Теректі ауылында: Бейбітшілік және Жамбыл көшелерінің жалпы ұзындығы 12 км жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Жалпы 18 шақырым ауылішілік жолды жөндеуге және жақсартуға ықпал етемін.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қаратал ауылындағы Идрисов С.Ш. және Қора көшелеріне жалпы 200 жарық бағанасын орнатуға ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

Сырымбет пен Қаратал ауылдық округтері үшін ауыл шаруашылығы – халықтың негізгі күнкөріс көздерінің бірі. Сондықтан шаруалардың еңбегін қолдау мен өндіріс тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Шаруа қожалықтарының жер, суару, жемшөп, техника және қаржыландыру мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру. Шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдетілген несие бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіп бастау мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауызсу жүйелерінің жағдайын бақылап, тозған желілерді жөндеу және жаңарту мәселесін көтеру. Сумен жабдықтау сапасы мен тұрақтылығын жақсартуға ықпал ету. Электр желілерінің тозуы, кернеудің төмендеуі және жарықтың жиі өшуі мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Қаратал ауылында азық-түлік дүкені мен жылыжай ашуға қолдау көрсетіп, 20 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етемін.Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын және жеке кәсібін ашуға ұмтылысын қолдау. Отбасылық кәсіпкерлік, мал шаруашылығы, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағыттарын дамытуға ықпал ету. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау. Жұмыссыз азаматтардың мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпарат алуына ықпал ету.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Тұрғындардың денсаулығын қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігі – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты. Ауылдық медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру. Медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдарға білікті медицина мамандарын тарту мәселесін қолдау.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Мичурин атындағы негізгі орта мектепте балаларға арналған заманауи спорт алаңын салуға ықпал етемін.

8. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

2028 жылға дейін Қаратал ауылдық округінде ветеринариялық талаптарға сай мал қорымын салуға және 10 шақырым арық жүйесін тазалап, ретке келтіруге ықпал етемін.

МЕНІҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫМ

o Әділдік – әрбір тұрғынның мүддесіне құрметпен қарау.
o Ашықтық – халықпен тұрақты байланыс орнатып, есеп беру.
o Жауапкершілік – көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
o Нақты нәтиже – өзекті мәселелерді жоспарлар мен бюджетке енгізуге ықпал ету.
o Бірлік – ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдау.

 

Мен үшін халықтың сенімі – үлкен аманат, ал туған жерге қызмет ету – азаматтық парыз. Әрбір тұрғынның пікіріне құлақ асып, ауылдарымыздың өзекті мәселелерін көтеруге және олардың шешілуіне бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. «Ауылдың болашағы – бірлікте, елдің берекесі – ынтымақта!» Біздің ортақ мақсатымыз – ауылдарымызды көркейту, халықтың әл-ауқатын арттыру және келер ұрпаққа дамыған, берекелі ауыл қалдыру. Осы жолда елмен бірге болып, сөзден іске көшіп, нақты нәтижеге қол жеткізуге күш саламын. Туған жердің гүлденуі – ортақ міндетіміз, ел сенімін ақтау – басты борышымыз!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 2 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.

Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.

Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Тайжанов Ғали Бейсекұлы

           Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

Қатысты жаңалықтар

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Бүгін, 17:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.