Жетісу жастары туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда.
2026 жылы Жетісу облысында «Жасыл ел» жастареңбек жасақтарының XXII еңбек маусымыұйымдастырылып, өңір жастарына еңбек етуге, тәжірибе жинақтауға және қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға мүмкіндік берілді.
«Жасыл ел» бағдарламасы – жастарды еңбекке баулуға, уақытша жұмыспен қамтуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жерге дегенсүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
Биылғы еңбек маусымында студенттер мен жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға басымдық берілді. Бағдарлама аясында 635 жасты жұмыспен қамту жоспарланып, Жазғы кезеңде жасақ сарбаздары елді мекендердің тазалығын сақтауға, қоғамдық орындардыабаттандыруға, ағаштар мен жасыл желектердікүтіп-баптауға, сондай-ақ түрлі экологиялық акцияларға белсене қатысты.
Жастардың әрбір атқарған жұмысы – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың, туған жерге дегенқұрметтің көрінісі. Олар өз еңбектері арқылы тазалық пен тәртіптің қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
«Жасыл ел» жобасының басты ерекшелігі – жастарға тек жұмыс ұсыну емес, олардың бойындаазаматтық белсенділік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Бірлесе еңбек етуарқылы жас буын ұйымшылдыққа, өзара қолдауға және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға үйренеді.
2026 жылғы еңбек маусымы барысында Жетісужастарының белсенділігі әлеуметтік желілерде де кеңінен насихатталды. Атқарылған жұмыстар мен жастардың еңбегін көрсететін бейнероликтерInstagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада жарияланды.
Бейнематериалдар:
«Жасыл ел – 2026» еңбек маусымы:
https://www.instagram.com/reel/Db8Lv-uumt4/
«Жасыл ел» жастарының жұмысы:
https://www.instagram.com/reel/DazYPBcOLZj/
Бұл бейнематериалдар арқылы жастардың белсенділігі мен еңбекке деген құлшынысын, сондай-ақ бағдарламаның өңірдегі жүзеге асу барысын көруге болады.
Қорыта айтқанда, «Жасыл ел» – жастардың еңбекке араласуына жол ашатын ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға үндейтін, қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейтін маңызды бастама. Жастардың бүгінгі еңбегі – ертеңгі жасыл әрі таза болашақтың негізі.
Туған жердің көркеюіне үлес қосу – әрбіразаматтың парызы. Ал осы игі істің басындажүрген Жетісу жастарының еңбегі әрдайым қолдауға лайық.
Жасыл ел – жарқын болашақтың бастауы!






