Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
КҮНДЕРЕК
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты
WhatsAppTelegramFacebook

Цифрлық мемлекет және телекоммуникациялық инфрақұрылым бағытында еліміз алғаш рет үздік 20 елдің қатарына қосылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі реформалар халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа енді. Екі жыл ішінде 8 сатыға ілгерілеу – БҰҰ баяндамасында көшбасшы мемлекеттер арасындағы ең елеулі жетістіктердің бірі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан мұндай биік межені бағындырған өңірдегі алғашқы мемлекет атанды. Мұндай нәтижеге Мемлекет басшысының елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі тапсырмаларын орындау және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда жасанды интеллектіні белсенді қолдану арқылы қол жеткізілді.

Электрондық үкіметті дамыту деңгейі ең жоғары санатқа әлемнің 21 елі кіреді. Қазір Қазақстан Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ секілді алдыңғы қатарлы мемлекеттермен бір сапта тұр. 2026 жылы бұл мәртебеге алғаш рет бар болғаны үш ел – Қазақстан, Ирландия және Польша ие болды. Екі жылда біздің ел бұған дейін рейтингте алда тұрған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапонияны басып озды. Ел индексі әлемдік орташа 0,6675 межесімен салыстырғанда 0,9009-дан 0,9363-ке дейін артты. Ал цифрлық үкімет үлгісі саналатын Эстониямен арадағы алшақтық төрт есе қысқарды. ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көш бастап тұр: рейтингте Өзбекстан 32-орында, Әзербайжан 38-орында, ал Ресей 50-сатыда орналасқан.

Түсіндірсек, UN EGDI индексі мемлекеттің онлайн қызметтерді қаншалықты тиімді ұсынатынын, интернет пен байланыс сапасын және халықтың цифрлық дағдыларын кешенді бағалайды. Қазақстан барлық негізгі көрсеткіш бойынша алға жылжыды. Мобильді байланыс пен интернеттің қолжетімділігі жағынан еліміз 41-орыннан 13-орынға көтеріліп, телекоммуникациялық инфрақұрылым деңгейі бойынша Эстониямен теңесті. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығы шамамен 1,5 есе өссе, білім мен дағдылар деңгейі 42-орыннан шамамен 28-орынға жоғарылады. Цифрлық басқарудың құқықтық базасы да БҰҰ тарапынан ең жоғары баға алды.

БҰҰ баяндамасында Орталық Азия 2026 жылдың басты табыс тарихтарының бірі ретінде атап өтілді. eGov.kz және eGov Mobile экожүйесі біртұтас цифрлық мемлекеттің үлгісі ретінде, ал alem.ai халықаралық орталығы зерттеу, білім беру, стартаптар және қолданбалы жасанды интеллектіні дамыту алаңы ретінде ерекшеленді. Мемлекеттік органдардың платформаларын, цифрлық сәйкестендіруді, мобильді сервистер мен ХҚКО қызметтерін біріктіретін бірыңғай экожүйе халықтың уақытын үнемдеп, қызмет алуды жеңілдетеді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.