2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ИРМЕКЕЕВ НҰРЛЫХАН АЯДЖАНҰЛЫ. №5 бірмандатты сайлау учаскесі.
Ауылдың болашағы – жүйелі жұмыста, ортақ жауапкершілікте және нақты нәтижеде.
2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы, Үшарал қаласында дүниеге келдім. «Алакөл-Асыл-Құрылыс» ЖШС директоры әрі жеке кәсіпкер ретінде құрылыс саласында еңбек етіп келемін. Негізгі ұстанымым – сапалы жұмыс пен жауапкершілік.
Кәсіпкерлік тәжірибемді өңірдің дамуына, құрылыс саласының ілгерілеуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауды мақсат етемін.
Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету – маңызды міндеттер.
Депутаттық қызметте халықтың ұсыныс-тілектерін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беруге басымдық беремін.
Мен үшін басты нәтиже – сапалы жұмыс, нақты өзгеріс және тұрғындардың сенімі.
Құрметпен, Ирмекеев Нұрлыхан
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
Ауданның жол инфрақұрылымын дамыту жоспарлары аясында Жағатал ауылдық округіндегі жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтап, оларды жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеру. Қазақстан ауылында 2028 жылы Қ.Шуақұлы көшесінің бойына 1 км 200 м тротуар салу және Ә.Молдағұлова көшесін жаңартамыз.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауданның инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарына сәйкес ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету және көше жарығын жақсарту мәселелерін көтеру. 2027 ж. Қазақстан ауылыдағы Қ.Сембайұлы көшесіне және 2029-2031 ж.ж. М.Әуезов, Б.Момышұлы, Жамбыл, Қойшыбаева, Мәңгілік ел көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнатылуын қадағалаймын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Ауыл тұрғындарының мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жеңілдетілген несиеге қолжетімділігін арттыруға, 5 шағын кәсіпкерлік пен 7 отбасылық бизнесті дамытуға жәрдемдесемін.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауданның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жоспарларды ескере отырып, жергілікті шаруашылықтарды қолдауға ықпал ету.
- АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Ауылдағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Аудан экономикасына инвестиция тарту, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту арқылы 5 жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларына ат салысамын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, медициналық нысандардың жағдайын жақсарту және қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.
Жағатал ауылдық округі Қазақстан ауылында 2029 жылы ауыл тұрғындарына арнап спорт кешенін салынуына күш саламын..
- БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Алакөл ауданның білім беру инфрақұрылымын дамыту және жаңа мектепке дейінгі орындар ашу жоспарлары аясында балаларға қолайлы жағдай жасауға, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Әлеуметтік осал отбасыларға, қарттарға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.
- ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауылдық елді мекендерде мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсарту, тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеріп,сапалы байланыс жасап,қолжетімді интернет байланысын ретке келтіруге ат салысамын.
- ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты ұдайы назарда ұстауды жүзеге асырымын және 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорынын іске қосуды қолға аламын.
Ауыл дамуы – ел дамуы!
Берекелі ауыл – бақуатты өмір!
Бірлікпен дамып, болашаққа бірге қадам басайық!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
№5 Жағатал сайлау округінің дамуы – тұрғындардың тұрмыс сапасынан, қауіпсіз ортадан және нақты атқарылған жұмыстан көрінеді.
Округтегі ауылдардың жолдары, көше жарығы, ауызсу, газдандыру, білім беру мен медициналық қызметтің қолжетімділігі және тұрғындардың әлеуметтік жағдайы тұрақты назарда болуы тиіс. Әр отбасы жайлы өмір сүруге, сапалы қызмет алуға және болашаққа сеніммен қарауға лайық.
Депутаттық жұмысымның басты мақсаты – №5 Жағатал сайлау округі тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеру, жоспарланған нысандардың іске асырылуын, олардың мерзімі мен сапасын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын ашық бақылауға ықпал ету.
Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! №5 Жағатал сайлау округінің жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – №5 Жағатал сайлау округінің әр тұрғынына тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешімін соңына дейін қадағалау – менің берік ұстанымым
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Тапсырыс беруші: Ирмекеев Н.А.
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







