Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы

Бүгін, 17:17
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы.  №12 бірмандатты сайлау учаскесі. 

Ауылдардың дамуы – нақты іспен, ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Даутбаева Салтанат Ғапбасқызы, Жыланды ауылында туып-өстім. Туған жердің тыныс-тіршілігін, ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді жақсы түсінемін. Ауылдың тыныс-тіршілігі, халықтың тұрмысы, жастардың болашағы, балалардың білімі мен тәрбиесі — баршамызға ортақ маңызды мәселелер.

Болашақ ұрпақтың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуына жағдай жасау, ұстаздардың еңбегін қолдау, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру — ел ертеңіне салынған инвестиция. Әр баланың қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, жастардың туған жерінде білім алып, еңбек етуіне және өз болашағын құруына жол ашуымыз керек.

Менің ұстанымым — әр ауылдың мұң-мұқтажын тыңдау, халықтың үнін тиісті орындарға жеткізу, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылау.

Әр ауылдың өркендеуі, әр баланың жарқын болашағы, әр отбасының амандығы — ортақ мақсатымыз. Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, қажетті ұсыныстардың тиісті даму жоспарлары мен аудандық бюджетке енгізілуіне күш саламын. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, халықпен тұрақты байланыс орнатып, атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беруді маңызды міндетім деп санаймын.

Мен үшін депутаттық қызметтің басты өлшемі – құрғақ уәде емес, туған ауданымыздың дамуына және тұрғындардың өміріне оң өзгеріс әкелетін нақты істер. Ауданымның өркендеуі мен әрбір тұрғынның әл-ауқатының артуы жолында бірлесе еңбек етуге дайынмын. Құрметпен Даутбаева Салтанат

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Жыланды ауылында 3 шақырым көше жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстарының жүзеге асуына ықпал етемін. Ауыл көшелерінің қауіпсіздігін арттыруға, тұрғындардың кешкі уақытта еркін әрі қауіпсіз қозғалуына қолайлы жағдай жасауға атсалысамын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жыланды ауылында 38,6 км, Төңкеріс ауылында 6,6 км, Лепсі ауылында 37,4, Байзерек ауылында 10,2 км, Үшбұлақ ауылында 39,5 км көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу. Жыланды және Лепсі ауылдық округтерінде микрокредит пен лизинг бағдарламалары арқылы 23 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына ықпал етемін. Ауылдық жерлерде шағын бизнесті дамытуға, тұрғындардың табысын арттыруға және 23 жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жыланды ауылында мал өлекселерін қауіпсіз залалсыздандыруға арналған биотермиялық шұңқыр салу үшін 0,05 гектар жер учаскесін бөлуді қолдаймын. Нысанның іске асуына ықпал етіп, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту мен тұрғындардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысамын.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жыланды ауылдық округтерінде микрокредит пен лизинг бағдарламалары арқылы 23 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлікті қолдау арқылы тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына, жаңа табыс көздерінің қалыптасуына және ауыл экономикасының дамуына атсалысамын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Жыланды ауылындағы мектепті қайта жаңғырту және 250 орындық жатақхана, Көкжар ауылында 60 орындық жаңа мектеп салу жоспарының орындалуын қадағалауды мақсат етемін. Әр ауылда мұғалімдерге және өзге де бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй салу немесе тұрғын үй қорын қалыптастыру бастамасын көтеремін. Жас мамандарды ауылға тарту және тұрақтандыру үшін жалдамалы тұрғын үй, қызметтік баспана, жеңілдетілген тұрғын үй тетіктерін қарастыруға ықпал етемін.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылда мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.

Сіздің пікіріңіз бен сеніміңіз — мен үшін жауапкершілік!

«Әр ауылдың мәселесі – ортақ назарда. Әр тұрғынның үні – маңызды»

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Алакөл ауданының дамуы – ауылдарымыздың өркендеуімен, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруымен өлшенеді. Әр ауылдың өзекті мәселесі бар: сапалы ауызсу, жөнделген жол, тұрақты интернет, қауіпсіз орта, қолжетімді баспана және балаларға лайықты жағдай.

Мен, Даутбаева Салтанат Гапбасовна, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, мәселелерді тиісті мекемелер алдында көтеруге, шешімдердің орындалуын бақылауға және ашық қоғамдық диалогты нығайтуға басымдық беремін.

Мақсатым – орындалуы мүмкін бастамаларды нақты жоспарға айналдыруға ықпал ету, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау, әрбір мәселенің шешілу барысы туралы халыққа түсінікті ақпарат беруге атсалысу.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Тұрғындармен тұрақты байланыс: ауылдарды аралау, қабылдау өткізу, өтініштерді жүйелеу.

Ашықтық пен есептілік: көтерілген мәселе, жауапты мекеме және орындалу барысы туралы ақпарат тарату.

Әділдік: елді мекендердің қажеттілігін ескеріп, бюджеттік басымдықтарды негізді қарауға ықпал ету.

Нәтижеге бағытталу: әр бастама бойынша нақты мерзім, жауапты тарап және бақылау тетігін сұрау.

Серіктестік: әкімдік, мәслихат, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер және тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеу.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

 

Тапсырыс беруші: Даутбаева С.Г.
Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.