Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Бүгін, 17:49
Мәслихаттар сайлауы
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2026-2031 жылдарға арналған Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат ЕСЕНБЕКОВ АЛМАТ АСХАТҰЛЫ

№3 бірмандатты сайлау учаскесі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Үшарал қаласы – сіздер мен біздің ортақ мекеніміз, ұрпақ өрбітіп, еңбек етіп, өсіп-өркендеуімізге жол ашқан шаһар. Сондықтан да, қаланың дамудың дара даңғылына түсіп, Жетісу облысының жауһарларының қатарына енуі маңызды. Ол үшін ортақ мүдде, бір мақсат, бір болашақ жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер ретінде Үшарал қаласының өркендеуіне, тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының өсуіне, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына, қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысамын.

Ол үшін сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз қажет.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділетті болашақ үшін – әділ әрі адал еңбек етуді мақсат етеміз. Әр істің ашық, қолжетімді және халық игілігіне бағытталуына назар аударамыз.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

Үшарал қаласының болашағы – сіздер мен біздердің қолымызда!

Ортақ мекеніміз үшін ортақ мақсатта еңбек етейік!

2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Есенбеков Алмат Асхатұлы Жетісу облысы Сарқан ауданы Көкөзек ауылының тумасымын. Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп гимназиясында білім алды. «Алакөл» аудандық газетіне «Тілші» қызметіне орналасып, келесі жылы қазақ бөлімінің басшысы, одан кейін бас редактор және директор — бас редактор лауазымына атқардым.

Алакөл аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты.

Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының, Халықаралық Жазушылар Одағының, Қазақстанның жас жазушылары мен өнер иелері ассоцациясының, Түркі халықтары Жазушылары Одағының, Республикалық Әкелер одағының мүшесімін.

«Әділет» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Жетісу облыстық кеңесінің төрағасы, Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің және Алакөл аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Алакөл» аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы.

«Бір арман» қайырымдылық қоры мен еріктілер тобының жетекшісі. Алматы облысы және Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы» жастар сыйлығының иегері.

Әр мемлекеттің басты қозғаушы күші – халық. Сондықтан да, ел игілігі үшін еңбек ету жолында бар күшіміз бен уақытымызды жұмсау ғанибет. Бұл ретте, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер бола отырып, өмір жолымда жинаған тәжірибем мен білім-біліктілігімді бұқара болашағы үшін тиімді пайдаланған жөн.

ХХІ ғасыр – мүмкіндіктер мен перспективалар дәуірі. Жаңа техналогияларм ен жылдам дамып келе жатқан жасанды интелект, білім мен ғылым көкжиегіндегі жаңашылдықтар – халық мүддесі үшін қызмет етуі қажет. Ал сол жұмыстардың жүйелі жүзеге асуын қадағалауда мәслихат депутаттары да өзіндің үлесін қосары сөзсіз.

Халықтың сенімі мен дауысына ие болған жағдайда, депутаттық мандатты абыроймен арқалап, алдағы уақытта төмендегі жұмыстарды жүзеге асыруға барымды саламын.

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қала аумағындағы басты байланыс торабы – жолдардың күрделі жөндеуден өтіп, тиімді қызмет етуіне күш саламын. Орталықтан шалғай жатқан түпкі көшелерге тас төгу, асфальт төсеу, М.Әуезов, Ш.Айманов, Панфилов, Амангелді және Жастар көшелерін жарықтандыру ісін назарға аламын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Үшарал қаласында 4 км газдандыру жұмысын жүйелі жүргізуге, 2027 жылы энергетикалық желілерді жаңғыртуға және Мәметова, Әуезов, Айманов көшелерінде 4 км көше жарығын орнатуға күш саламын. Тентек өзеніндегі 1-ГЭС жобасының ЖСҚ әзірленуіне ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Жеке бизнес өкілдерінің қарқынды дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және әлеуметтік жағдайдың көтерілуіне тікелей әсер етеді. Бұл ретте мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілпайызды кәсіпкерлік несиелер, қайтарымсыз гранттар, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулардың тиімді жүзеге асуына атсалысамын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қала, ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыруға, мал азығын дайындау мәселесін шешуге және шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешу үшін жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргіземін.

5. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Үшарал қаласы тұрғындарының табысын арттыру және жұмыспен қамту мақсатында жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін. Ауданнда жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру және жастар практикасына тарту бойынша жыл сайын 100 адамды қамтуды қадағалаймын. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін тұрақты ұйымдастыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыруға қолдау көрсетемін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Тұрғындардың өмір сүру жасын ұзарту, денінің саулығын қадағалау, қолжетімді әрі тиімді медициналық көмектің көрсетілуі аса маңызды. Осыған орай, қаламызда бой көтеріп жатқан 200 орындық аурухана құрылысының уақытылы аяқталуына және қажетті денсаулық сақтау мамандарының өңірге келуіне, медициналық көмектің жоғары деңгейде көрсетілуіне күш саламын.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Өскелең ұрпақтың білім нәрімен лайықты сусындауы аса қажетті шара. Осы ретте қаладағы оқу ошақтарының шәкірттердің заман талабына сай білім алуына жабдықталуына, ұстаздардың біліктілік көтеру дәрістеріне үздіксіз қатысуына, №2 мектептің күрделі жөндеу жоспарының қадағалаймын.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

Экономикалық өсім мен дамудың негізі – халық. Осы ретте әлеумет әлеуетін көтеру жолындағы жұмыстарды бірінші кезектегі мәселе ретінде қарастырған жөн. Үшарал тұрғындарының мемлекет тарапынан нақты көмектер алуы мен әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына ықпалдасамын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Заман талабына сай жоғары сападағы байланыс пен хабар алмасуға және білім алуға қажетті интернеттің болуы құба құп. Осы ретте аталған салаға жауапты мекемелермен келіссөздер жүргізе отырып, жоғары деңгейде қызмет етулеріне қажетті шараларды қабылдауға атсалысамын.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

Қала тазалығы мен көркіне немқұрайлы қарамауына, әркімнің өз ауласынан бастап тазалау мәдениетін қалыптастыруға, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бастаған «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдауға, көгалдандыру мен абаттандыру, сенбілік жұмыстарының жүзеге асуына атсалысамын.

Үшарал – барлығымыздың ортақ мекеніміз. Өңір мерейін өсіру жолында әрқайсымыз да бір атаның баласындай күш салуымыз аса маңызды. Болашақ – сіздер мен біздердің қолымызда. Бізге керегі нақты нәтиже, еселі еңбек, тұрақты даму.

Тапсырыс беруші: Есенбеков Алмат Асхатұлы

Қаражат кандидаттың Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Есенбеков Алмат Асхатұлы

Бүгін, 17:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.