Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті

Бүгін, 17:20
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ел қамбасы 24,5 млн тонна астыққа толды: Президент ауқымды құрылыс пен диқандар еңбегін атап өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының тірегі саналатын дала еңбеккерлеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта барлық өңірде жүзеге асатын ауқымды жобалар жөнінде мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

Президент сөзінше, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биылғы күзгі жиын-терінде ел қамбасына 24,5 млн тонна дақыл құйылды. Мұндай мол өнім – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,әрбір шаңырақтың берекесін арттыратын негізгі көрсеткіш.

«Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда. Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер. Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 млн тонна дақыл жиналды. Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі. Осы жетістік еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз. Мен бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы адал еңбектің арқасында еліміз жаңа өрлеу дәуіріне қадам басқанын жеткізіп,биылғы Жолдауда жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасының маңызына тоқталды. Түсіндіре кетсек,аталған бағдарлама өңірлердегі әлеуметтік және энергетикалық тапшылықты жоюға бағытталған кешенді жоспар ретінде әзірленген. Жоспар аясында еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа емханалар, ауруханалар, балабақшалар,мектептер, мәдениет және спорт кешендері салынады. Сондай-ақ көлік қатынасын жақсарту үшін сапалы автожолдар төселіп, атом, су және электр станциялары, цифрлық экономикаға қажетті деректерді өңдеу орталықтары бой көтереді.

«Қазақта «Еңбек төрге оздырады» деген сөз бар. Шын мәнінде, өз ісін адал атқарып, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың арқасында еліміз өсу, өрлеу дәуіріне қадам басып келеді. Біз жасампаз әрі озық ойлы ұлт болып әрдайым алысқа көз тігеміз, ел мүддесі үшін тек қана биік мақсаттарға ұмтыламыз.Мемлекет басшысы ретінде осы мақсатқа адал болу – мен үшін қастерлі парыз. Биылғы Жолдауымда көрініс тапқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы соның айқын дәлелі екені сөзсіз. Осы бастама құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады деген сөз. Алдымызда тұрған құрылыс жоспары – шын мәнінде, оның ауқымы тұрғысынан алып қарасақ, айбынды әрі бірегей», – деп атап өтті Президент.

Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен аграрлық қолдау шаралары Жетісу облысы секілді егіншілігі дамыған өңірлер үшін де зор серпін береді. Аймақта жаңа мектептер мен медициналық мекемелердің салынуы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартса, диқандардың еңбегін бағалау ауыл шаруашылығы өнімділігін одан әрі арттыра түспек.

Қатысты жаңалықтар

«Jetіsý» газетінің  2027 жылдың  бірінші  жарты  жылдығына  жазылу  бағасы

Бүгін, 18:16
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан Білісбекқызы

Бүгін, 17:52
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 17:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.