Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ

26 қараша 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары  жүректің  ишемиялык ауруымен (ЖИА) сырқаттанған науқастардың  саны едәуір өскен. Бұл дерт – жүрек  бұлшық етіне қанның жеткілікті мөлшерде келмеуіне байланысты дамитын ауру. 


Бұл аурудың негізінде жүрекке қан жеткізетін коронарлық артериялардың тарылуы немесе бітелуі  жатады. Нәтижесінде жүрек бұлшық еті қажетті оттегіні ала алмай, оның функциясы бұзылады. 

Жүректің ишемиялық ауруының себептері: атеросклероз, қанның ұйып қалуы (тромбоз), генетикалық факторлар, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы (гипертония), темекі шегу және қоршаған ортаның ластануы саналады. Ал аурудың  негізгі белгілерінің бірі – жүрекке қанның жетіспеуі нәтижесінде кеуде тұсында ауырсыну сезімі пайда болады. Бұл ауырсыну физикалық жүктемеден, эмоциялық күйзелістен немесе басқа факторлардан туындауы мүмкін.  Тағы бір белгісі –  оттегі жеткіліксіздігі байқалып, тыныс алудың қысқаруына әкеп соғады. Жүрек бұлшық етінің оттегісіз қалуы оның жұмысын әлсіретіп, нәтижесінде адамда  әлсіздік  және шаршағыштық сезімі пайда болады. Келесі бір белгісі – жүректің  қағуы (аритмия). Бұл кезде жүректің ритмі бұзылып, жүрек қағу жиі немесе баяу болуы мүмкін. 

Жүректің ишемиялық ауруының алдын алуда арнайы диагностика жүргізу шарт. Ең алдымен, ЭКГ (электрокардиограмма) арқылы жүректің электрлік белсенділігін тексеру арқылы ишемияның немесе аритмияның бар-жоғын анықтау. Эхокардиография  арқылы жүрек құрылымын және оның жұмысын зерттеу керек. Сонымен қатар коронарлық артериялардың жағдайын, тарылуын немесе бітелуін көру үшін арнайы контрастты заттармен жасалатын коронарография зерттеуін жүргізу қажет. Диагностиканың келесі бір түрі  қандағы холестерин мен басқа да майлардың деңгейін тексеру, яғни жүрек бұлшық етінің зақымдану белгілерін  анықтау үшін қан анализін тапсыруға болады.

  
Жүректің ишемиялық ауруының алдын алу үшін: дұрыс тамақтану (майлы және тұзды тағамдарды шектеу); қалыпты дене салмағын сақтау; физикалық белсенділікті арттыру (жүру, жүзу, велосипед тебу және т.б); темекі шегуден бас тарту; стрессті жағдайларды басқару және психоэмоционалдық денсаулықты сақтау; қан қысымын, қант деңгейін және  холестеринді бақылау ұсынылады. 

Бұл ауруды уақытында анықтап және дұрыс емделген жағдайда   толық айығып және оның асқынуларын болдырмауға болады. Алдын алу шараларын қолдану мен дұрыс өмір салтын сақтау – ЖИА-ның алдын алудың ең тиімді жолы болмақ. 

Ж. Рахымжанова, 
кардиология  орталығының  
кардиореанимация бөлімінің медбикесі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25
Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды

Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды

Бүгін, 12:17
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.