Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25
КҮНДЕРЕК
Шырайы кірген шағынаудан

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы «Жастар-3» тұрғын алабының құрылысы жалғасуда. Мұнда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешіп қана қоймай, жол, әлеуметтік нысан, инженерлік коммуникацияларды қамтитын жаңа мекен қалыптасуда. Құрылыс жұмыстарының барысын облыс әкімі Бейбіт Исабаев аралап қайтты.

Әрине, әрбір жаңа баспананың артында ел игілігін арттыратын ауқымды жұмыстар тұр. Елді мекендерді дамытудағы осындай кешенді қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған. Мемлекет басшысы азаматтардың қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін, өңірлердің дамуы сұранысқа ие әлеуметтік, көлік және инженерлік нысандардың құрылысымен қатар жүруі тиістігін тапсырған еді.

Облыс орталығындағы «Жастар-3» тұрғын алабының жалпы аумағы 90 гектарды құрайды, оның 50 гектары жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген. Жоба бойынша 790 үй салу көзделген. Бүгінгі таңда 693 үйдің құрылысы аяқталды, қалған 97 үйді келесі жылы салу жоспарланған.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтің айтуынша, тұрғын үйлер мердігер ұйымдар мен жеке инвесторлардың өз қаражаты есебінен салынуда. Құрылыс аяқталып, үйлер пайдалануға берілгеннен кейін қала әкімдігі оларды мемлекеттік портал арқылы сатып алады. Содан соң баспаналар «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

2024 жылы осындай тәсілмен 1,2 млрд. теңгеге 56 үй, былтыр 5,9 млрд. теңгеге 254 үй сатып алынған. Биыл құны 9 млрд. теңгені құрайтын тағы 383 баспана алыныпты. Жалпы 693 нысанның 403-і халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне берілді. Олардың бәрі кейіннен жекешелендіру құқығы қарастырылған жалдамалы баспана.

Құрылыс алаңында Талдықорған қаласы мен облыс аумағында тіркелген және жұмыс істейтін 10 мердігер ұйым еңбек етуде. Әрбір үйге екі жылдық кепілдік берілген. Жеңіс Андабековтің айтуынша, қала әкімдігі жаңа қоныстанушылармен тұрақты байланыс орнатып, келіп түскен өтініштерді құрылысшылармен бірлесіп шешуде.

Әрбір үйдің ауданы 76,4 шаршы метр, жер телімі 6 сотық. Үйлердің басым бөлігі үш бөлмелі, кірпіштен салынған және табиғи газға қосылған. Сонымен қатар қосалқы электр қазандығы қарастырылған. Тұрғын алап сумен, кәріз және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.

Аймақ басшысы нысанды аралау барысында тұрғын үйлер құрылысының аяқталуы шағынауданның қоныстануға толық дайын екенін білдірмейтінін атап өтті. Мұнда болашақта төрт мыңға жуық адам тұратыны болжанып отырғандықтан, өзіндік әлеуметтік мекемелер мен қоғамдық кеңістіктер қажет.

Жоспар бойынша шағын орталығы бар 1200 орынды мектеп, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, фельдшерлік-акушерлік пункт және учаскелік полиция пунктін салу көзделген. Сонымен қатар жобаға саябақ пен аумағы 1,2 гектарға тең гүлзар енгізілген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобалардың бір бөлігі мемлекеттік сараптамадан өтуде, ал қалғандары бойынша оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстарын бастауға қажетті қаржыны келесі жылдың бюджетінде қарастыру жоспарланып отыр.

Құрылыс барысын тексеру кезінде көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл ретте отырғызылған көшеттердің санынан гөрі олардың өсіп-жетілуіне қажетті жағдай жасау маңызды екені белгілі болды.

дейін аумақта ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілгенімен, тиісті суару жүйесінің болмауынан көшеттердің бір бөлігі қурап қалған. Сондықтан облыс әкімдігі жұмыстардың ретін өзгертіп, алдымен шағынауданды суармалы сумен қамтамасыз етіп, содан кейін көгалдандыруды қолға алу қажеттігін айтты.

Бұрын көшеттер отырғызылып, кейін суарылмағандықтан қурап қалатын. Біз сол қателіктерді қайталағымыз келмейді. Алдымен суару жүйесін жасау қажет. Ол үшін бірнеше ұңғыма қазып, жерасты суларын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Содан кейін негізгі көшелерді көгалдандыруға кірісеміз. Алдағы 2 жыл ішінде жол бойына ағаш отырғызуды көздеп отырмыз, – деді Бейбіт Исабаев.

Жаңа шағынауданды қалыптастырудың тағы бір маңызды бөлігі – жол инфрақұрылымы. Жоба аясында жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын 20 көше салу көзделген. Жұмыстардың құны 3 млрд. теңгеден асады. Былтыр 3,6 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл 1,4 шақырым жол жөнделіп, 12 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынған. Келесі жылы тағы 6,7 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланған. Осылайша соңғы кезең аяқталғаннан кейін тұрғын алабындағы жол жұмыстары толық көлемде орындалмақ.

Автобус қатынасы да жолға қойылған. Жеңіс Андабековтің айтуынша, қазіргі уақытта қоғамдық көліктер 15-20 минут аралықпен қатынайды. Келесі жылы тұрғындар санының артуына байланысты жолаушылар тасымалы бағыттарының санын көбейту көзделген.
Бұл өзгерістердің жаңа қоныстанушылар үшін қаншалықты маңызды екенін шағынаудан тұрғыны Ләззат Мақсұмқызы айтып берді. Отбасы үш бөлмелі үйінің кілтін маусым айында алып, шағын жөндеу жұмыстарынан кейін қыркүйекте осында көшіп келген.

Жалпы үйіміз өзімізге ұнайды. Отбасымыз үшін бұл үлкен мүмкіндік болды. Бұрын жалдамалы пәтерге ақы төлейтін едік, қазір ай сайынғы шығынымыз едәуір азайды. Автобус жақын жерден жүреді, жол салынды, оған ризамыз. Қандай да бір ақау шықса, құрылыс компаниясына хабарласамыз. Олар келіп, кемшіліктерді түзейді. Рас, жылуға қатысты мәселелер бар. Күн суытып, жел соққанда үй іші салқындап кетеді. Бұл туралы хабарладық, мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Дегенмен жалпы көңіліміз толады, – деді Ләззат Мақсұмқызы.

«Жастар-3» тұрғын алабында қалған 97 үйді салу, әлеуметтік нысандардың жобаларын жүзеге асыру, суару жүйесін жасау және аумақты көгалдандыру міндеттері тұр. Егер белгіленген жоспарлар орындалса, алдағы жылдары «Жастар-3» тек жаңа үйлер салынған аумақ емес, инфрақұрылымы тұрғындардың қажеттіліктеріне сай келетін толыққанды шағынауданға айналмақ.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27
Шырайы кірген шағынаудан

Шырайы кірген шағынаудан

Бүгін, 12:25
Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды

Қазақстан таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды

Бүгін, 12:17
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.