Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан №15 бірмандаттық сайлау учаскесі бойынша кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов.

Құрметті  талдықорғандықтар!

Мен,  Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов 2024 жылғы 22 сәуірден бастап Жетісу облысының «Ұлттық спорт түрлерінен Жетісу кәсіпқой спорт клубының» басшысы қызметін атқарып келемін. Жалпы еңбек өтілім әр салада – 32 жыл. Осы жылдар ішінде мол кәсіби тәжірибе жинақтап, ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдадым.

Сонымен қатар ұлттық спорт федерациясының қызметін де қатар ала жүріп, ұлттық спортты дамытуға, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге  үлес қосып келемін. Мен үшін ұлттық спортты дамыту – ұлтқа қызмет ету, халқымыздың рухани мұрасын сақтау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және ұлттық дәстүрлерімізді келер ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды міндет деп білемін.

Ұлттық спорт – халқымыздың тарихы мен болмысын танытатын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын асыл мұра. Осы бағыттағы еңбегімді алдағы уақытта да абыроймен жалғастырып, ұлттық спорттың өркендеуіне және оның кеңінен насихатталуына бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Алдағы уақытта да Жетісу өңірінің спорттық әлеуетін арттыруға, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға күш саламын. Ел игілігі жолында еңбек етіп, өңіріміздің өркендеуіне өз үлесімді қосуды басты мақсатым деп санаймын.

Мен үшін депутаттық жұмыс – тұрғындардың өтінішін тыңдап қана қою емес, көтерілген мәселенің шешілу жолын іздеу, жауапты мекемелерге нақты сауалдар жолдау, орындалу барысын бақылау және тұрғындарға ашық есеп беру.

Біздің мақсатымыз – әр тұрғынға жайлы, қауіпсіз және заманауи Талдықорған қаласын қалыптастыру.

Құрметпен  Рүстем Досжанов

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Қаратал өзенінің оң жағалауында жоспарланған 11,9 шақырым су құбыры мен 11,8 шақырым кәріз желісін тарту жобаларының іске асуын қадағалаймын. Қала бойынша жоспарланған 89,4 шақырым сыртқы су құбыры мен су бұру желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргіземін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Коттедж қалашығында сағатына 17,2 Гкал қуатты қазандық құрылысының 2027 жылға жоспарланған аяқталуын қадағалаймын. Жансүгіров көшесі бойындағы ұзындығы 3,5 шақырым және Біржан сал көшесіндегі 1 шақырым магистральдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының сапасын бақылауға аламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жеке құрылыс салушылар есебінен жоспарланған 561 пәтерлік 7 тұрғын үйдің құрылысын қадағалаймын. Қаратал өзенінің оң жағалауында жобалық құжаттамасы әзірленген 952 пәтерлік 18 несиелік тұрғын үй құрылысының барысына бақылау жүргіземін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін. Шағын бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі ұсыныстарды көтеремін. Қызмет көрсету, сауда, өндіріс және өнім өңдеу салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдаймын.

  1. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Талдықорған қаласындағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қала тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Қаратал өзенінің оң жағалауында салынып жатқан 150 орынды оңалту орталығының құрылысын бақылауға аламын. Жалайыри даңғылы бойында салынып жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешенінің аяқталуына қоғамдық бақылау жүргіземін.Талдықорған ипподромына балаларға атқа міну мәдениетін қалыптастыруға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жабық ат мінетін орын (манеж), сонымен қатар ипподром аумағына ұлттық спортты тамашалайтын мінбелер (трибуна) салдыруға ықпал етемін.

  1.  ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын. Облыста 6 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда күн сайын шамамен 500 егде жастағы азамат қызмет алуына ықпал етемін.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Талдықорған қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

Өтенай ауылдық округіндегі «Жастар-3» тұрғын алабында 1,1 гектар шағын саябақ (сквер) салу және Талдықорған – Үштөбе жолы бойында 8,2 гектар саяжолы (аллея) құру жобаларын бақылауға аламын.

Басты мақсатымыз – қаламыздың көркін арттырып, жайлы орта қалыптастыру.

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – Талдықорғанның игілігі үшін!

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАДІРЛІ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Туған қаламыздың көркейуі мен дамуы – баршамызға ортақ міндет. Қаламыздың тазалығы, жасыл желегі, жайлы көшелері мен әсем келбеті әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.

Талдықорғанды одан әрі көркейту, абаттандыру және таза ұстау үшін баршаңызды бірлесе әрекет етуге шақырамыз!

Қоғамдық орындарды таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қаламыздың дамуына өз үлесімізді қосайық.

Талдықорған – біздің ортақ үйіміз! Оның бүгінгі көркі мен ертеңгі болашағы өз қолымызда. Әрбір игі іс, әрбір жақсы бастама туған қаламыздың өркендеуіне жол ашады.

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Туған қаламызды бірге көркейтіп, келер ұрпаққа таза, жайлы әрі жасыл қала қалдырайық!

Талдықорған – ортақ мекеніміз, ортақ мақтанышымыз!

Құрметпен, барша жерлестерді игі іске атсалысуға шақырамыз.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

 

Тапсырыс беруші: Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Бүгін, 11:37
Жалындап өткен жыр ғұмыр

Жалындап өткен жыр ғұмыр

Бүгін, 11:29
Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Бүгін, 11:11
Дала дәмі дастарқанда

Дала дәмі дастарқанда

Бүгін, 11:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.