Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дала дәмі дастарқанда

Бүгін, 11:11
КҮНДЕРЕК
Дала дәмі дастарқанда

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінің аумағында облыстық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Саудаға Талдықорған мен Текелі қалаларынан және облыстың 8 ауданынан келген өндірушілер қатысты.

Жәрмеңкеде ет, сүт, шұжық және балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар мен басқа да азық-түлік түрі қойылды. Жалпы ассортиментте өнімнің 54 атауы болды. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, жәрмеңкеге 107,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, жалпы сомасы 158,8 млн. теңгеден асатын тауар сатылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев бастаған салаға жауапты орынбасарлар жәрмеңкені аралап, ұсынылған тауарлардың бағасы мен сапасын көрді. Сондай-ақ келушілермен тілдесіп, олардың пікірін тыңдады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың айтуынша, күзгі жиын-терін аяқталып, қысқа дайындық басталған шақта мұндай сауда халыққа қажетті азық-түлікті бір жерден сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың сұранысына қарай жәрмеңкені тұрақты өткізу жоспарлануда.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы нарықтағыдан шамамен 15 пайыз төмен екенін айтты.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіден тұтынушыға делдалсыз жеткізіп, тікелей сату мүмкіндігін кеңейту көзделген, – дейді ол.

Алакөлден келген «Бейсембаев» шаруа қожалығының өкілі Лиза Мұратова жәрмеңкеге балық өнімдерін әкеліпті. Саудада сазан, көксерке, мөңке балығы және балық филесі ұсынылған. Оның айтуынша, өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен сатылып, тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылған.

Жәрмеңкеге келген зейнеткер, қала тұрғыны Асқар Мұқатаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарын тікелей сату тұрғындарға тиімді екенін жеткізді. Оның сөзінше, базарда қой етінің келісі 4200-4300 теңге болса, мұнда 3600 теңгеден сатылып жатыр. Сондықтан ол мұндай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса, қала тұрғындарына пайдалы болатынын айтты.

Қала тұрғыны Маржан Райысова жәрмеңкеге балаларымен келіп, көкөніс, пияз бен сәбіз сатып алған. Өнімдердің сапасы мен бағасына көңілі толған ол еттің де бағасы қолжетімді екенін айтып, осындай сауданың тұрақты ұйымдастырылғанын қалайтынын жеткізді.

Келушілер жәрмеңкеде өнім түрінің мол болғанын атап өтті. Кейбірі ет бағасының әлі де жоғары екенін айтқанымен, жергілікті өндірушілердің өнімдерін бір жерден таңдап, сатып алу мүмкіндігін құптады.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Бүгін, 11:11
Дала дәмі дастарқанда

Дала дәмі дастарқанда

Бүгін, 11:11
Талдықорған автобустарында жол жүру тегін болады

Талдықорған автобустарында жол жүру тегін болады

Бүгін, 10:59
Талдықорғанда мәслихат депутаттарын сайлау күні «Инватакси» қызметі жұмыс істейді

Талдықорғанда мәслихат депутаттарын сайлау күні «Инватакси» қызметі жұмыс істейді

Бүгін, 10:52
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Темірболат Жанболатұлы Ахажанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Темірболат Жанболатұлы Ахажанов

Бүгін, 10:47

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.