Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

26 қараша 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындау, сондай-ақ еліміздегі мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеуге қатысты ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.

Комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енді. Қажет болған жағдайда комиссия отырыстарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Комиссия құрамына кімдер кірді?

Комиссия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр тағайындалды. Төрағаның орынбасары қызметін Президенттің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев атқарады.

Комиссия құрамына:

  • Әлихан Смайылов – Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы;

  • Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-Министрдің орынбасары, Үкімет Аппаратының басшысы;

  • Серік Жұманғарин – Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі;

  • Жаслан Мәдиев – Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;

  • Ержан Жиенбаев – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

  • Қуанышбек Есекеев – Президенттің көмекшісі;

  • Дархан Жазықбай – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

  • Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;

  • Жеңіс Қасымбек – Астана қаласының әкімі;

  • Марат Ахметжанов – Ақмола облысының әкімі;

  • Дархан Сатыбалды – Алматы қаласының әкімі;

  • Болат Ақшолақов – Атырау облысының әкімі.

Сондай-ақ комиссия құрамына Құрылтай депутаттары Шахмардан Байманов, Сұңғат Есімханов, Шолпан Каринова және Екатерина Смышляева енгізілді.

Қазақстан Халық Кеңесінің атынан Андрей Лукин мен Бағдат Мусин комиссия жұмысына қатысады.

Ал Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова комиссия хатшысы болып белгіленді.

Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеп, реформалардың кешенді жоспарын қалыптастыру.

Қатысты жаңалықтар

Рұқсатсыз аң атпа

Рұқсатсыз аң атпа

Бүгін, 13:00
№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

Бүгін, 12:45
Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Бүгін, 12:43
Александр Владимирович Сидехменов жұбайымен бірге дауыс берді

Александр Владимирович Сидехменов жұбайымен бірге дауыс берді

Бүгін, 12:43
Дүйсебаевтар отбасы – «Алтын шаңырақ» өнегесі

Дүйсебаевтар отбасы – «Алтын шаңырақ» өнегесі

Бүгін, 12:41

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.