Алакөл ауданында мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлау науқанына аудан тұрғындарымен қатар, қоғамның әр саласында танылған азаматтар да қатысуда.
Атап айтқанда, Үшарал қаласында «Жетісу барысы» облыстық турнирінің жеңімпазы, спорт шебері Ернар Қабдолбаев сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Спортшының сайлауға қатысуы – азаматтық ұстанымын білдірудің бір көрінісі. Ел өміріндегі маңызды науқанда әр азаматтың дауысы мен таңдауы маңызды.
«Жетісу-Ақпарат»






