Бастөбе ауылдық округінің тұрғындары №162 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат сайлауында өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалды. Бір мезетте 200-ге жуық азамат жиналып, дауыс беру науқанына қатысып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Дауыс берушілер қатарында ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет саласының мамандары, құрылысшылар, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер бар. Әртүрлі сала өкілдерінің бір арнаға тоғысып, азаматтық белсенділік танытуы ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағын айқын аңғартты.
Тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершілік пен қоғамдық өмірге бейжай қарамайтындықтың көрінісі. Бірлік пен татулықты ту еткен бастөбеліктер маңызды саяси науқанда өз таңдауларын жасап, ортақ іске үлес қосуда.
”Жетісу-Ақпарат”






