Ақсу ауданының Жансүгіров ауылындағы №3 сайлау учаскесінде «Ақсу қант» ЖШС-нің 40 қызметкері ұжым болып дауыс беруге қатысты.
Кәсіпорын қызметкерлері бір ауыздан келіп, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасады.
«Ақсу қант» – өңірдің агроөнеркәсіптік саласында маңызды орын алатын кәсіпорындардың бірі. Оның қызметі ауыл шаруашылығының дамуына, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және өңір экономикасының нығаюына үлес қосуда.
Белсенді азаматтық ұстаным – ел болашағына деген жауапкершілік!








