147-сайлау учаскесінде дауыс берген тұрғындардың бірі – бүгін мерейлі 60 жасқа толып отырған Оразбаева Булбул Мамановна.
1966 жылы 29 қарашада Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап ауылында дүниеге келген Булбул Мамановна үшін биылғы туған күні ерекше қуанышқа толы. Өйткені мерейлі мерекесі мәслихат сайлауымен тұспа-тұс келіп отыр.
Төрт баланың аяулы анасы, бір ұл мен үш қыз тәрбиелеп өсірген ардақты әже бүгінде 11 немеренің қызығын көріп отыр. Қазіргі таңда балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосуда.
Ғұмырын отбасы мен бала тәрбиесіне арнаған жан бүгін де азаматтық белсенділігін танытып, сайлауға қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.
Мерейлі жас иесі Оразбаева Булбул Мамановнаны 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Балалары мен немере-шөберелерінің қызығына бөленіп, әрдайым жақындарының ортасында аман-есен жүре берсін!






