Ақсу ауданы Матай ауылындағы №41 сайлау учаскесінде Матай станциясының Еспенбетовтер теміржолшылар әулетінің үш буыны мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беріп, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Еспенбетовтер әулеті – теміржол саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, кәсіби дәстүр мен ұрпақ сабақтастығын сақтаған құрметті теміржолшылар әулеті. Үш буынның бір мамандыққа деген адалдығы, еңбекке деген құрметі мен кәсіби сабақтастықты жалғастыруы – кейінгі ұрпаққа өнегелі үлгі.
Әулет өкілдерінің пікірінше, сайлауға қатысу – тек азаматтық міндет қана емес, елдің болашағына деген жауапкершілікті білдіретін маңызды қадам. Әр азаматтың таңдауы қоғамның дамуына, тұрақтылық пен бірліктің нығаюына ықпал етеді.
«Біз үшін отбасымен, бірнеше буын болып сайлауға қатысу – жақсы дәстүрдің жалғасы. Еңбек жолымызда ұрпақ сабақтастығын сақтап келе жатқанымыз сияқты, азаматтық ұстанымымызда да бірлік пен жауапкершілікті үлгі етуді маңызды санаймыз», – дейді әулеттің келіні Индира Молдагожонова.
Ұрпақ сабақтастығы – еңбекке адалдықтың, азаматтық жауапкершіліктің және елдік ұстанымның көрінісі.






