Облыс аумағанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 8-10 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше осы екі күнде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақталуын қадағалап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға атсалысады. Сондай-ақ, техникалық жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз түрлендірілген көлік құралдарын, автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салады.
Фото: Жетісу облысы ПД





