Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ АРАЙЫ

15.10.2024
ЖАНСАРАЙ
АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ АРАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аты аңызға айналған атақты жүгеріші, Социалистік Еңбек Ері, Алматы облысы мен Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Күләш Айтжанованың жасы сексен беске толса да қоғамдық өмірден сырт қалмай, елдік іске атсалысып, жастарға үлгі-өнегесін көрсетіп келеді.

Күләш әпкеміз Жоңғар Алатауының баурайындағы шағын ғана Шежін ауылында 1939 жылы 10 қыркүйекте өмірге келген. Әкесі Айтжан Шежін ауылында соғыс жылдарында механизатор болып еңбек еткен. 1943 жылдың 15 қыркүйегінде майданға аттанып, соғыста қаза тапқан. Анасы Зәукеш соғыс жылдарында Шежін ауылында ұжымдық шаруашылықта еңбек етіп, Әбдіреш, Әбітай және Күләш есімді балаларын өсірген.

 Күләш Айтжанқызы Шежін ауылындағы бастауыш мектепті тамамдаған соң 1957 жылы іріленген Киров атындағы ұжымдық шаруашылыққа мүше болып, еңбек етіп, механизатор, кейінен жүгері өсіруші атанды. Болатхан Жанұзақов есімді азаматпен тұрмыс құрып, Үлкеншыған ауылына көшіп келді. Алғашқыда осы ауылдағы тауарлы сүт фермасында сауыншы болып жұмыс істеп, 1968 жылы шаруашылық басшылары жеке жүгерішілер звеносын құруға шақырды. Ол алғашында бірнеше жыл 45 гектар жерге жүгерінің өнімді «ВИР» тұқымын өсіріп, әр гектар жүгері алқабынан 57 центнерден өнім жинады. Бұл көрсеткіш сол кезеңде Қазақстанда тіпті одақ бойынша «дала аруынан» жиналған ең жоғарғы нәтиже еді. Осындай жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін  Күләш Айтжанқызы 1971 жылы КСРО-ның ең жоғарғы атағы Социалистік Еңбек Ері медалімен және Ленин орденімен марапатталды.

 Әңгімеміздің барысында сәл шегініс жасасақ Күләш әпкеміз өмірге келген тау бөктеріндегі табиғаты тамаша шағын ғана Шежін ауылының қандай құдіреті барына әлі ешкім ой жүгіртіп, тұжырым түймеген шығар. Дегенмен өз басым шағын елді мекеннің жері мен суы, ауасы, жалпы аурасы жәй емес екеніне баяғыда көз жеткізгенмін. Бұл өңірден осыдан екі ғасыр бұын бүкіл Суан тайпасының қолын бастап, қалмақ басқыншыларына қарсы шыққан Бағай Елшібекұлы шыққан. Бұл батырдың атын ауыз толтырып айғақтап айтуымның себебі жоқ емес. Бүкіл қазақтың басын біріктірген айдарлы Абылай ханның бас ақылманы Бұқар жыраудың өзі алты Алашқа айғақтап:

 Бағайым аз Суаннан,

 Бағай атқа қонғанда,

 Бүкіл елі қуанған, – деп жыр арнауы зердесі бар жанға жай еместігін білдірсе керек.

 Ғажабы осы шағын ғана елудей ғана отбасы тұратын Шежін ауылында елімізге белгілі біраз азамат дүние есігін ашқан. Олардың қатарында Қазақстанның тұңғыш қылқалам шебері, сурет өнерінің алыбы атанған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеев, Отан соғысының ардагері, әскери «Даңқ» орденінің кавалері Ахмет Сүлейменов, Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, кино өнерінің танымал маманы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Әбілтай Қастеев, бейнелеу өнерінің үздік маманы, мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Самат Нұрсапаев, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, екі мәрте мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ертай Сәрсебеков және тағы да басқа елімізге белгілі азаматтар бар. Менің де ата-бабаларым осы өңірде өмір сүрген.

 Қазақстан ауыл шаруашылығында өзіндік тарихи еңбегі зор, еңбегіне ел сүйсінген, елімізге ғана емес, сырт елдерге де кең танымал болған Күләш әпкем өзінің 85 жылдық мерейтойын халқының құрметті азаматы, жастардың ақылшы апалары, немерелерінің сүйікті әжелері атанған шағында қарсы алып отыр. Жаным жақсы көретін, есімі елге мақтаныш Күләш әпкемнің мерейтойы қарсаңында бір ауыз жылы лебізімді білдіргім келді. Жаны нәзік әйел азамат болса да, еңбектің қара нары атанған ер әпкеме ұзақ ғұмыр тілеймін!

 Өмірге келгеннен тек қиындықтармен тіршілік кешкен ананың, қазір жасы сексеннің сеңгіріне шықса да қажыр-қайраты сарқылған жоқ. Ол үш жасқа толғанда Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Айтжан майданға аттанды. Соғыстан әке оралмады, бұғанасы қатпай шаруашылық жұмысына араласып, анасы екеуі майданда қаза болған асыл азаматтың атына селкеу түсірмей еңбек етті.

Ұжымдық шаруашылықтың барлық науқандық жұмыстарының алдыңғы қатарында жүрді. Қой қырықты, егін суарды, механизаторлық мамандықты меңгеріп, шаруашылық тракторын да жүргізді.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Жаркент өңірінде жүгері өсіріле бастағаннан жеке алқап алып, «дала аруын» баптады. Кейінгі жылдары зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін қарауындағы егіс алқабын кеңітіп, бір өзі 100 гектар жүгері алқабын күтіп-баптап, жыл сайын одан жоғары дәрежеде сапалы өнім жинап, үнемі өзара жарыстың жеңімпазы атанып жүрді.

 Күләш әпкеміз еңбек еткен кеңес кезеңіндегі Еңбек Қызыл Ту орденді С. Киров атындағы ұжымдық шаруашылық өндірістік қуатымен республикада атағы аспандаған өндіріс орындарының бірі еді. Өндірісі өрге домалаған ұжымдық шаруашылықта жалпы жетістікке еселеп үлес қосқан атпал азаматар мен ерен еңбеккерлер аз емес болатын. Солардың арасынан оза шауып, Кеңестер Одағының ең жоғарғы наградасына ие болуының өзі Күләш Айтжанқызының еліне еселеп сіңірген ерен еңбегін айғақтайды.

 Біздің жас кезімізде алдымызда еңбекке баулитын, өмірімен, өнегесімен үлгі болар аға буын өкілдері көп еді. Мысалға алып айтсам менің тікелей ұстазым екі мәрте Еңбек Ері атанған майталман Николай Головацкий, бір шаруашылықта бірге еңбек еткен Еңбек Ерлері, атақты жүгерішілер Мариям Ниязова, Әбілмәжін Қасымбеков, Әлімжан Бақтаев, басқа да орденді әпке, ағаларымыз жастарды атақ, абыройымен қызықтырып, адал еңбек етуге үлгі болды. Солардың қатарында Күләш әпкем де талай жастың кеудесінде жігер отын жалындатқаны анық.

 Мен соңғы жылдары Күләш Айтжанқызымен тығыз байланыста жұмыс жасап, оның шаруашылығына қолымнан келген көмегімді көрсетіп келемін. Орайы келгенде аты аңызға айналған әпкемді отбасыма шақырып, балаларыма, немерелеріме кеудесінде алтын жұлдызы арай шашқан ананың еңбектегі ерлігін өнеге етемін. Бұл дәстүр тек менің жанұяма ғана тән емес, оны бүкіл аудан жұрты өнеге тұтып, ұрпағына мақтан етеді.

 

 Тасқын Жапарқұл,
«Ернар» ЖШҚ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері,
 Жетісу облысының және Панфилов ауданының «Құрметті азаматы»

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.