Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ТАСБАҚА ТАС» МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА!

04.10.2024
ЖАНСАРАЙ
"ТАСБАҚА ТАС" МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА!
WhatsAppTelegramFacebook

Олжас Сүлейменов «Адамға табын, жер енді!» (поэма атауы) деп еді ғой. Ақынның сөзін бұрмалауға тура келіп тұр: «Басыңды и адамзат Жер-анаға!» Ықылым заманнан анасы баласына бас имейді. Ал баласы анасына бас иіп, тағзым қылғаны абзал. Себебі, қазақы кеңістігімізде жер-ана, тіршіліктің бастауы. Оның төсінен мен де, сіз де, біздің ата-бабамыз нәр алған һәм мәңгілік мекеніміз де сонда.


Осынша аз-маз ойдың тууына не себеп? Талдықорған қаласының іргесінде жұртшылық «Тасбақа тас» атап кеткен жер бар. Талай дәуір мен тарамыс тарихтың куәсі болған сол маңда сақ дәуірінің бедері жатыр. Қайсар бабалардың үні тас бетінде аманаттай бүгінгі күнге жетті. Сол жәдігерлер мемлекет қорғауына алынып, апта ортасында «Тасбақа тас» маңында «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық тазалық айлығы аясында экологиялық акция өтті. Мұндағы мақсат – тарихи петроглифтерді қорғау, мемлекет қорғауында екенін айғақтайтын белгі орнату. Айтпақшы, «Тасбақа тастың» тағдырына алаңдап, алғаш дабыл қаққан «Алтын Адам креатив орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Динара Бакирова мұндай құнды жәдігерді қорғау ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру үшін қажет екенін алға тартады.

– Бірнеше мәрте бұл маңда тазалық акциясын ұйымдастырдық. Ең бастысы, сақ дәуірінің көзіндей жәдігерлердің жойылуына қарсы тұрдық. Қазір мұнда өткенімізге бейжай қарайтын жастар да келіп жүр. Заманауи бояулармен неше түрлі сөздер жазып кетуде. Алдағы уақытта бояу кетіретін химиялық қоспалар әкеліп, соны тазаламақпыз. Өткенімізді бағаламай, болашаққа қадам жоғын түйсінсек, – дейді Динара.

Кезінде төл тарихтың хаты тағдыр тезіне тап болғандай еді. «Темірбетон» ЖШС осы маңнан тас өндіріп, таңбалы тастарға қауіп төнген. Өңір белсенділері бабалар аманатын сақтап қалу үшін жанұшыра дабыл қақты. Құзырлы органдардың араласуымен, қалалық әкімдіктің қарекетімен серіктестікке басқа маңнан 22 гектар жер беріліп, тарих хаты аман қалды.

– Экологиялық акцияға 500-ден астам белсенді қатысуда. Қуантарлығы қатысушылардың 80 пайызы жастар. Бұл тарихи жәдігерді сақтап қалуға қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер бір адамдай жұмылып, араша түсті. Нәтижесінде, мемлекет қорғауына алдық. Енді «Тасбақа тас» ескерткішінің болашағы үшін еңбек етуіміз керек. Мемлекет қаржысынан тыс үкіметтік емес ұйымдар арқылы экопарк салуды жоспарлаудамыз. «Тегін, тарихын білмеген жұрттың ертеңі сенімсіз келеді» деген. Төл тарихымыздың әрбір бөлшегін қорғауымыз керек, –  дейді қала әкімі Ернат Бәзіл. 

Акция барысында экобелсенділер таңбалы тас- тар арасындағы қоқыстарды тазартты. Бұл уақытта өңір өнерпаздары ұлттық өнерді әуелетті. Дәуірлердің үні мен бабалардың дүбірі қалған Жер-анаға тағзым осылай жалғасын таба бермек.

Дастанбек САДЫҚ

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026
Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026
Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026
Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.