Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БІР ҮЗІМ НАН ТАМШЫ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ

28 қыркүйек 2024
КҮЛТӨБЕ
БІР ҮЗІМ НАН ТАМШЫ ТЕРМЕН КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Тазалық табалдырықтан басталады». Бұл екі баланың анасы Күлхан Бурашеваның өмірлік ұстанымы. Себебі ол – тазалықтың жаршысы.  Жаңалықтың жаршысына айналған тілшілер бас қосқан қасиетті қара шаңырақ Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде нағыз еңбек адамдары қызмет етеді. Соның бірі – яғни, біздің ата басылым «Jetіsý» редакциясы қоныстанған 4-қабаттың тазалығына жауап беретін Күлхан апайдың ерен еңбегін ерекше бағалаймыз.


Күнделікті мұнтаздай таза әрі жинақы кабинетте отырып, таза ауамен кеңінен тыныстауымыз осы асыл жанның тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Киелі Көксу ауданы Быжы стансысында 1965 жылы өмірге келген ардақты жанның ата-анасы теміржолшы болған. Еңбекке жастайынан араласқан ол тазалықты, жинақылықты, реттілікті марқұм анасынан үйренген. 
– Бір түйір нан тамшы термен келеді. Расымен де екі қолы қимылдаған адамның аузы да қимылдайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын денсаулығыма байланысты қатты ауырып қалдым. Содан аудандық су бөліміндегі есепші қызметінен өз еркіммен босатылдым. Дәрігерлердің айтуымен қимыл қозғалысы көп жұмысқа орналастым. Шамамен 7 жылдай «Жастар» спорт кешенінің еденін жудым. Қазір Журналистер үйінде жұмыс істеп жүргеніме де екі жылдан аса уақыт өтті. Мен  кабинеттегі үстел үстінің таза болуына қатты көңіл бөлемін. Әр зат өз ретімен тұрғанды ұнатамын. Жинақылық ер адамға да, әйел затына да аса маңызды. Жалпы, тәртіп, тазалық адам өміріне де әсер етпей қоймайды, – дейді тазалық жаршысы Күлхан апай. 

Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында тұратын ол жұмысқа жиналу үшін таңғы 5.00-де ұйқыдан оянады. Әйел адамға тән үй ішіндегі күйбең тірлікті атқарып, 6.00-де жұмысқа шығады. Ел тәтті ұйқыда жатқанда таңмен таласа редакция кабинеттерінің шаңын сүртіп, еденін жуып, қызметкерлер келгенше  мұнтаздай етіп тазалап қояды. 

– Адам жақсылыққа ұмтылу керек. Үздіксіз қимылдағанның денсаулығы да жақсы болады. Мына өмірдегі ең бірінші байлығымыз – денсаулық. Барлық адам ауырмай, өздері қалаған істі істеп, жақсылық жасап, елдің алғысын арқалап жүріп, бақытты ғұмыр кешсе деймін. Өмірге алып келген балаларымыз көз алдымызда жүріп, бізге қуаныш сыйласа сол мен үшін нағыз бақыт, – дейді аяулы ана. 

Бейнетінің зейнетін көруге де аз уақыт қалған Күлхан апайдың ендігі арманы – аман-есен зейнетке шығып, немере тәрбиесіне көңіл бөлу. Бірақ біздің кейіпкеріміз: «Зейнетке шықсам да екі қолды қусырып қарап отырмаймын. Жеңіл желпі жұмыс болса да істеймін. Мемлекетке салмақ салып, қимылсыз отыруға болмайды», – дейді.  

Жолдасы Жебеген Бұршақбаев екеуі тәрбиелеген екі ұлдан бүгінде бес тәтті немере сүйіп отырған ардақты ата-апаның бар қызығы мен қуанышы – ұлықты ұрпағы.  «Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді» деп тәрбиелеген  батыр ана жас ұрпақты адал еңбек етуге шақырады. 

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.