Талдықорғанда шағын футболдан Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековті еске алуға арналған облыстық турнир өтті.
Әбдіқадыр Болсамбеков Екінші дүниежүзілік соғыстың және Жапон соғысының ардагері. 1942 жылы майданға шақырылған Болсамбеков Сталинградтағы ең қанды шайқастардың біріне түсіп, Калинин майданы мен Еділ бойында соғысқан. Кейінірек жас офицер «СМЕРШ» барлау взводын басқарды. Солтүстік Қытайда жапондармен Порт-Артур мен Дальний порты үшін шайқасқан. 1947 жылы туған жері Жетісуға оралған кезде бірден Сарқан ауданында учаскелік полиция ретінде кеңес милициясы қатарында қызметін жалғастырды. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, генерал-майорға дейін жетіп, Талдықорған облысының (қазіргі Жетісу облысы) милициясын басқарды.
Полиция департаменті қызметкерлері арасында өткен жарысқа әр өңірден іріктеліп келген командалар қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Талдықорған қалалық полиция басқармасының командасы жеңіп алды. 2-орынды Сарқан аудандық полиция бөлімі еншілесе, 3-орынды Ескелді АПБ қанжығасына байлады.
Айдар ҚАЛИЕВ





