Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ОН ЕКІ АЛТЫН АЛДЫ

11 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ОН ЕКІ АЛТЫН АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ күресінен балуандарымыз 12 алтын алып, осыған дейінгі жүлделер саны мен сапасын жақсартты. Екі күн бойы Жақсылық Үшкеміпров атындағы жекпе-жек сарайында 41 елден 274 спортшы қатысқан қазақ күресінен 16 салмақ бойынша мықты анықталды.


Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойынында қазақша күрестен дәл осындай табысты нәтиже осыған дейін көрсетпеген. Астанадағы ойындарда атой салған құрамамыз қара үзіп, медальдар тізімінде көшбастады. Бұл нәтиженің өсуіне 12 алтын алған қазақ күресіндегі балуандарымыздың да еңбегі зор. Ерлер арасында Бекжан Төлепов финалда қырғыз Кимал Оболбековты (55 келі), 60 келіде Мейіржан Берекетов Ейуаз Бахшиевті (Әзербайжан), Дидар Төкушев өзбек Манушер шириновты (64 келі), Жұмажан Қожамбеков әзербайжан Эмиль Хасановты (74 келі), Ерсұлтан Мұзафаров грузин Зураб Чагелишвилиді (-100 келі) және аса ауыр салмақта Нұрдәулет Жарылғапов өзбек Муксин Кхисомуддиновті (+100) жеңді. Ерлер арасында тек салмақ бойынша (82 келі мен 90 келі) қазақ балуандары алтын алмады. Үмід Эсонов (Өзбекстан) 82 келіде топжарса, 90 келіде Умар Бозоров чемпион болды (90 келіде қазақстандық Ерасыл Жаңатай қола медаль алды).

Әйелдер арасындағы күрес те көп көңілінен шықты. Қазақ қыздары барын салып, кілем үстінде алтын үшін әдіс-тәсілдің сан түрін көрсетті. Айжан Жылқыбаева (48 келі), Назерке Азаматова (52 келі), Рауза Нұрмахамметова (58 келі), Бақыт Құсақбаева (60 келі), Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі) чемпион болды. Одан бөлек екі салмақта 77 келіге дейін (Зәмзәгүл Файзолланова финалда италиялық Бетти Вуктан жеңілді) және 77 келіден жоғары салмақта (Альбина Бакиева қола алды) екі қызымыз жүлдегер болды.

Қазақ күресіндегі жеңісті жолды бастап алғаш болып алтын алған жетісулық балуан Бекжан Төлепов «бала кезімізден қазақ күресімен айналысып келе жатқаннан кейін, нәтиже шығару міндетіміз. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Бірнеше сыннан өттік. Әсіресе, дәл осы көшпенділер ойынына дайындық өте керемет болды. Жалпы 6 оқу-жаттығу жиыны, оның екеуі шет елде өтті. Әбден тыңғылықты дайындалдық. Бапкерлердің айтқанын толық орындадық» деп ағынан жарылды.

Жалпы жарыстың деңгейі, қазақ күресіндегі балуандардың нәтижесі жөнінде «Қазақстан барысы» және «Дала қыраны» титулдарының иесі, әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов «Көшпенділер ойыны өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Балуандарымыздың дайындығы да ұнады. Финалға шыққандар көп. Бұл тұрғыда ұлттық құраманың бапкерлері Ғани Келдіқұловқа, Ғұмар Қырғызбаевқа, Айбат Сейтенге ерекше алғыс айтамын» деді.

Екі күн ішінде он екі алтын алған қазақ балуандарының нәтижесі Көшпенділер ойынында ерекше серпіліс болды.                

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.