Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҮШ СПОРТ ТҮРІНЕН «СПОРТ ШЕБЕРІ»

11 қыркүйек 2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҮШ СПОРТ ТҮРІНЕН «СПОРТ ШЕБЕРІ»
WhatsAppTelegramFacebook

Есте болса, 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен IV Көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль алды. Сол жылы көкпардан Қазақстан құрамасы финалдық ойында Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Одан бөлек, қазақ күресінен 60 келіде Марат Нығматуллаев, қыздар арасында 65 келіде Зарина Сарипова чемпион атанды. Жеңісі үшін сол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапаттаған еді. Сол Зарина биыл да Астанада өтіп жатқан V Көшпенділер ойынында топжарды. Финалдағы кездесуде өзбек қызы Мухлисахон Қадырберғановадан жартылай жеңіс арқылы басым түсті. Жеңімпазбен «Жетісудың» тілшісі тұғырдан түскен бетте азды-кем әңгімелескен еді.

— Ескі жау атыспаққа жақсы. Бұрыннан таныс болған финалдағы жанмен кілем үстінде ұзақ аңдысу, осал тұсты іздеуге арналған уақыт көп болған сияқты.

— Иә, бұрыннан таныс. Осыған дейін Әлем, Азия чемпионаттарында жолымыз түйіскен. Осал қарсылас емес. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Бүгінге дейін жалпы жеңіс бойынша бірде бір болып, тең тұр едік, бүгін жеңіп екіге көбейттім.

— Ал биылғы Көшпенділер ойынына дайындықты қалай жүргіздің?

—  Жыл басынан бері жоспарлы жаттығулар жүрді. Елімізде ғана емес Грузиямен Қырғызстан мемлекеттерінде де оқу-жаттығу жиыны өтті. Соңғысы Астанада өтті. Жаттықтырушылар айтқан ақылмен, көрсеткен бағыт бойынша жүріп отырдық. Нұсқаулықтан бір елі шыққан жоқпыз. Көшпенділер ойынына қатысып жатқан қазақ күресіндегі балуандардың табысты нәтиже көрсетуі осының айғағы болса керек.

— Осыған дейінде аз жетістікке жеткен жоқсың. Дзюдомен де айналысатыныңды білеміз…

— Иә, әр жыл сайын қазақ күресінен бір жүлде алуды дағдыға айналдырып келемін (күліп). Есіңізде болса 2022 жылы Түркияда өткен Көшпенділер ойынында алтын алдым, одан кейін Әлем чемпионы болдым, ал 2023 жылы Азия чемпионатында күміс, енді міне биыл алтынға қол жеткіздім. Дзюдомен айналысамын. Білсеңіз үш спорт түрінен «спорт шеберімін». Олар самбо, дзюдо, қазақ күресі (Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері).   

— Сұхбатыңызға рақмет!   

Серік ҚАНТАЙ
Сурет автордікі

Қатысты жаңалықтар

Арал теңізін қалпына келтіруге жаңа инвестициялар тартылады

Арал теңізін қалпына келтіруге жаңа инвестициялар тартылады

Бүгін, 08:46
Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.