Қаратал ауданының тұрғындары қос бірдей қуаныштың куәсі бол ды. Атап айтсақ, Тастөбе ауылында блокты-модульді дене шынық тыру кешені, Жаңаталап ауылында әкімшілік ғимараты қолданысқа берілді. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марлен КӨЛБАЕВ қатысты.
Шарада Марлен Қапашұлы: – Спорт күніне орай Тастөбе ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Жалпы облыс құрылғалы бері өңірде 14 спорт нысаны салынып, ел игілігіне берілді. Жыл соңына дейін тағы да осындай спорт кешендері Ескелді, Жаңаталап, Ал малы ауылдарында қолданысқа берілетін болады. Енді осындай үлкен ғимаратты пайдаланып, осы елдің балалары келешекте дені сау болып, өсіп-өніп, үлкен жетістік терге жетеріне сенім білдіремін, – деп жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған Тастөбе ауылының әкімі Ермек Кәкімбайұлы: «Бүгінгі оқиғаның орны ерекше. Балалар мен жастарды спорт қа тартуға бұл кешеннің зор пайда тигізері сөзсіз», – деп ізгі тілегін айтты.
Тастөбе ауылындағы 2 қабаттан тұратын дене шынықтыру кешенінің жалпы аумағы 240 шаршы метрді құрайды. Мердігер компа ния «Sheber Metall» ЖШС салған ғимараттың құрылысына 100 млн.теңге жұмсалған. Ны санда грек-рим күресі, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен секциялар ашы лыпты. Заман талабына сай жабдықталған кешенде ауыл жастары мен жасөспірімдері бос уақытын тиімді пайдалануы үшін бар жағ дай жасалған. Ауыл тұрғындары да тұрақты жұмыс орындарымен қамтылмақ. Тастөбе ауылдық округіне 3 елді мекен қарайды. Олар Тастөбе, Бесағаш, Бірлік ауылдары. Ауылда мыңнан астам адам тұрса, олардың 165-і жастар.
Осыдан кейін заманауи дене шынықтыру кешенінің лентасы қиылды. Шара барысында ауыл тұрғындары жастарға керемет жағдай жасаған әкімдікке алғысын айтып, ақ тілек терін ақтарды.
«Балаларымызға арналған спорт кешені ашылып, қуанып жатырмыз. Немерелеріміз 2 жылдан бері мектептегі кішігірім спорт залда жаттығып жүрген. Енді, міне, үлкен спорт кешенінде жаттығып, биік белестер ді бағындырады деген үміттеміз. Облыс, ау дан, ауыл басшылығына үлкен алғысымызды айтамын. Осы спорт кешенінде қазақтың туын желбіретіп жүретін батырларымыз көп болсын!», – деді ауыл тұрғыны Нұрсұлу Шербаева.
Балпық би ауылдық округі Жаңаталап ауылында блокты-модульді құрылғыдан салынған әкімшілік ғимараты қолданысқа берілді.
Ауылдық әкімдік ғимаратының ашылу салтанатында аудан әкімі Ұлан Досымбеков сөз алып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Шара барысында ауылдың ақсақалдары ақ батасын беріп, ақжарма тілегін ақтарды. Жаңаталап ауылында блокты-модульдік әкімшілік ғимараттарын сатып алу және орна туға 2024 жылдың 12 маусымында жеткізуші компания «Qaz Damu Construction» ЖШС мен 43 120 000 теңгеге келісімшарт жасалған.
Инаят БЕРІКҚЫЗЫ
Қаратал ауданы





