Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАМБА ТОЛЫП, ЫРЫС МОЛАЯТЫН ЖЫЛ

15.08.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҚАМБА ТОЛЫП, ЫРЫС МОЛАЯТЫН ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл жазиралы Жаркент өңірінде мамыр айынан бастап толассыз жаңбыр жауып тұрды. Ауа райының осындай бұл өңірге тән емес қолайсыз құбылысы дала өндірісінің еңбеккерлеріне белгілі дәрежеде жайсыздықтар әкелді. Әсіресе, жылда шілде айының басында пісіп жетілетін бидай орағы бір ай мерзімге жуық кешеуілдеп басталды.


Арпа-Бидай

Панфилов ауданының диқандары биыл 395 гектарға жуық суармалы алқапқа жаздық бидай, 126 гектарға арпа өсірді. Жайқалып жетілген астыққа тамыз айының алғашқы аптасында орақ салған егіншілер бидайды жүгері жинау науқаны басталғанға дейін жинап болмақ. Өнімділігі өңірдегі осы дақылдың өсу мүмкіндігіне қарай жаман емес. Тамыз айының алғашқы он күніне дейін жиналған жаздық бидайдың өнімі, орташа әр гектарына шаққанда 20 центнерден айналыпты. Нақтылап айтсақ қазір 9085 тонна бидай, 2520 тонна арпа қырманға жеткізілді. Астық кештеу пісіп жетілетін тау етегіне орналасқан ауылдық округтердегі егінге орақ енді салына бастады.

Қазір ауданда жаздық бидайды жинау науқаны аяқталуға таяу. Тамыз айының соңғы күндеріне дейін 300 гектардан астам алқаптағы астық комбайнмен орылып, өнімі қырмандарға жеткізілді. Бидайды өзгелерден мол өсірген Басқұншы, Сарбел ауылдық округтерінің егіншілері гектар өнімділігін аудан бойынша жоғарылататынына ауылшаруашылық мамандары сенімді.

Жүгері

Өңір тұрғындарының төл дақылына айналған жүгерінің егіс көлемі биыл төрт мың гектарға жуық кеміп, жалпы 23 мың 398 гектардан астам жерге өсірілді. «Дала аруы» атанған бұл дақыл құнарлы топырақ пен жылуы мол күн нұрын және жетілгенше үздіксіз бабымен берілген суды қалайды. Сондықтан аудан егіншілері қазір жүгері суару жұмыстарымен шұғылдануда.

Шілде айының алғашқы аптасына дейін жүгерінің алғашқы суы толық беріліп, 19 мың 900 гектардан астам алқап екінші рет суарылып, 300 гектарға жуық егістігінің үшінші суару жұмыстары атқарылуда. Жүгері егістігін суару жұмыстары Үшарал, Үлкеншыған, Бірлік, Басқұншы және Пенжім ауылдық округтерінде қарқынды жүргізілуде.

«Дала аруы» пісіп жетілгенше технологиялық талаптарға сәйкес басқа да күтіп баптау шараларын мінсіз жүзеге асыруды талап етеді. Солардың ең бастысы алқаптарға тиісті мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыш сіңіру мен әртүрлі өсімдік ауруларына қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы атқару шарт. Қазір өңірде өсірілген барлық жүгері алқаптарына арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді. Сол сияқты шөптеу, тыңайтқыштар сіңіру шаралары 100 пайыз атқарылды.

Енді бірер аптадан кейін егіншілер ерте пісіп жетілетін жүгері сұрыптарының алқабына орақ сала бастайды. Диқандар алдағы жүгері жинау науқанына техникасын сайлап, жанар-жағармайын дайындап, қырмандарын тазалап әзірлік шараларын пысықтауда. Осыдан біраз жыл бұрын Атамекен ауылындағы екі қырман күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Биыл Алмалы ауылындағы қырманды ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 184,9 миллион теңге бөлініп, соның қазір 32,5 миллион теңгесі игерілді. Ауыл егіншілері жүгері жинау науқаны басталғанға дейін қырман толық жөнделіп, асфальтталып болады деген сенімде.

 
Көкөніс

Жаркент өңірінің тұрғындары өздерінің бау-бақшасында көкөністі көп өсіреді. Олар негізінен отбасының қажеті үшін қамданса, кейбір ЖШҚ-тар көкөністі қолма-қол мол пайда беретін табыс көзіне айналдыра бастады.
Биыл аудан бойынша жалпы 453 гектар алқапқа көкөніс өсірілген екен. Оның егіс көлемі жағынан Қоңырөлең 127, Талды 105, Сарбел 100, Үлкеншыған 62 гектар алқапқа көкөніс түрлерін өсіруден  басқа ауылдық округтер шаруаларының алдында тұр. Айдарлы, Басқұншы, Бірлік, Үшарал, Үлкенағаш ауылдық округтерінен басқасы да азды-көпті көкөніс баптапты. Биылғы өсірілген көкөністерді қыс маусымында сақтау шаралары да ұйымшылдықпен жасалып, қоймалар әзірленді.

Көкөніс, бақша өсіретін шаруаларға Үкімет қаржылай қолдау көрсетуде. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бұрын тек жүгері өсіруге бейім жазиралы Жаркент өңірінің диқандары енді біртіндеп бақша өнімдерінің егіс көлемін көбейтуге ден қойып отыр. Биыл Үлкеншыған округінде 62, Пенжім ауылында 25, Жаркент қаласында 14, Бірлікте 10, Көктал округінде 9 гектарға бақша салып, диқандар жерлестерін жергілікті қауын, қарбызбен молынан қамтамасыз етуде. Жалпы, аудан бойынша 129 гектар алқапқа бақша өнімдері егілген.

Осылайша жазиралы Жаркент өңірінде көкөніс, бақша өсірушілер қатары көбейіп келеді. Қазір Жаркент-Қорғас тас жолының бойындағы қауын, қарбыз, асқабақ түрлерін саудалап отырған кәсіпкерлердің қарасы көбейген. Бақша өнімдері бәсекесі жергілікті тұрғындар мен ауданға келіп-кетуші қонақтарға таңсық астың бағасын төмендетіп, сапасының жақсаруына айтарлықтай әсер етуде.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.